02.06.2020 Барлық жаңалықтар
4 МАУСЫМ - МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз күні құтты болсын ағайын! Қазақстан мемлекетті атты болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерді қолдай берейік. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын дейміз!
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының басты құжаты Конституциямыз 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Конституция 9 тараудан 98 баптан тұрады. Осы Конституциямыздың 9 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досыңдай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
«Біз тәуелсіздікке аңсап жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды» деген еді Еліміздің бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Осылайша, 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан мемлекетіміздің рәміздерімізді құрметтеу, қастерлеу біздің азаматтық парызымыз.
Келе жатқан мереке құтты болсын!
Әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы
Касиенова Күләш Мағзомқызы