04.06.2020 Барлық жаңалықтар
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және байланыс Университетінің
аға оқытушысы
Касиенова Күлаш Мағзомқызы
4 маусым- мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерді қолдай берейік. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Конституция 9 тараудан 98 баптан тұрады. Конституцияның 9 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекттік Рәміздері.
«Біз тәуелсіздікке аңсап жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеу, қастерлеу біздің азаматтық парызымыз ...
Әнұраны елімнің, шақырады бірлікке
Егеменді халқымның, болашғы бірлікте
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді. Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
Тудың көгілдір біртүстілігі, аспанның бұлтсыз таза күмбезін еске түсіріп, Қазақстан халқының бірігудің жоғары және игілікті идеясына бейімділігін бейнелейді. Мемлекеттік жалаудың көгілдір аясы, Қазақстан халқының жаңа мемлекет құруға ұмтылу ниетінің тазалығы мен көтеріңкілігін көрсетуге шақырады. Өз сәулесіне шомылған алтын Күн, тыныштық пен байлықты білдіреді. Күннен тарайтын шапақтардың саны - 32. Туда 32 шуақтың болуының себебі: 1) Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдары саны 10000 асатын 32 ұлттың болуы; 2) түрік тайпаларында 32 одақтық құрылымның болу себебі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы дала бүркіті қазақтардың жомарттығы мен қырағылығын, пейілінің биіктігін танытады. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын дайындау ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандарты бойынша орындалады. Мемлекеттік туды жасап шығару арнайы қызмет болғандықтан, лицензияның болуын талап етеді. Мемлекеттік туды пайдалану тәртібі және Мемлекетті тудың бейнесін пайдалану ережелер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" заңында бегітілген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.
Елтаңбадағы ең маңызды әрі басты деталь – бұл пырақ. Көшпенді философиясында үлкен мәнге ие бұл мифологиялық бейне символикалық жүк арқалап тұр. Грек аңыздарындағы Парнас пен шабыттың пірі Пегас пырақтары және Қазақ ертегілеріндегі қанатты тұлпар үлкен мәнге ие. Мысалы, "Керқұла атты Кендебай ертегісінде" батырды көзің ашып-жұмғанша үлкен дарияның ортасына алып келеуі - қанатты тұлпар бейнесіне меңзейді. "Ер Төстік" ертегісінде де Төстіктің Шалқұйрық аты "жаяуында қанат, жалғызында жолдас, сасқанында ақылшысы" болады. Елтаңба композициясындағы пырақ ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі.
Фольклористикада «қасарыса біткен қос мүйіз» деп сипатталатын пырақтағы ай мүйіз – ерліктің, қайсарлықтың белгісі еді. Мүйіз – киелілік. Ел мұрасында «Ескендірдің мүйізі», «Өтеген батырдың қос мүйізі» деген тіркестердің бар екенін білеміз.
Мүйіз – қазақ халқының жауынгерлік рухын, қайсарлық қуатын, қайратты қабілетін айқындап тұр. Әлемде алғаш жылқы жануарын үйретіп мінген де осы көшпенділер еді. Сол дәуірден бастап көшпенді-жылқы диалектикасы кешегі күнге дейін, көшпенді аттан түскенге дейін жалғасты. Қазірде қазақтың жылқы малын көрсе болды тамыры қозып, қаны қызып кететіні бар.
Жылқы – бұл қазақ халқының тегі, тотемі десе де болады. Бірде-бір рәміздерімізде – еліміздің логотипінде тұлпардың, жылқының болмауы – қазақ халқының жетімдігін білдіретін еді. Жылқы – қазақтың егізі. Ал қанат – бұл жаңашылдық та емес. Бірақ сонда да өзінше бір новаторлық бар.
Қанат – асқақ арман нышаны. Бұл Шотаман Уәлихановтың нышандап қойған идеясы. Ал халық мұрасында қанаты бар тұлпар бұл – арғымақтың мистикасын айқындай түсетін элемент, оның ерекшелігін, қандай да бір тылсым күшке ие екенін білдіретін деталь. Ал елтаңбадағы қанатты арғымақ биікке ұмтылу, дамудың төменгі сатысынан жоғарғысына дейін көтерілу – әлемдік өркениет жетуді білдіріп тұр. Асқақтық, самғау, биік мақсаттарға жету біздің халықтың жаңа заманда игерген жаңа танымы. Қанаттың өзі алтын түстес болуы – молшылықты білдіреді. Аңызға айналған ай мүйізді тұлпар – қазақтың киесі.
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.
Әнұран, гимн (көне грекше: hymnos — мадақтау ән) — салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі.
Әнұрандардың революциялық, әскери, діни тағы басқа түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек.
Кейбір күрделі опера, балет, симфония, хорлар соңы әнұран сипатында аяқталады. Мысалы, Л. Бетховен өзінің 9-симфониясын И. Шиллердің “Шаттық” одасына арнап жазған әнұранымен аяқтаса, орыс композиторы М. Глинка “Иван Сусанин” операсын атақты “Даңқ” хорымен бітіреді. Кеңестік дәуірде 1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылды. Дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан Республикасының шынайы рухы мен қуатын, мақсат-мүддесін танытатын әнұран қажет болды. Осы талаптарға сай ән музыкасын сақтап қалу туралы шешім қабылданды да, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланып, ақындар М. Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева жазған сөз үздік деп табылып, қабылданды. Қазақстан Республикасы әнұраны қазіргі авторлары: Еліміздің әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді
Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік әнұраны — 1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған.
Тарихы
1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі.
Гимн — бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени бір тұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді.«Гимн» терминінің өзі гректің «gimneo» сөзінен алғанда «салтанатты ән» дегенді білдіреді.
Кез-келген халықтың тарихында музыкалық шығармалар бар, ол тарихтың белгілі бір уақытында халықтың гимні болған. Осындай ән қазақ халқында да бар. Ол Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсетуге арналған «Елім-ай» әні, оны ХVІІІ ғасырдың атақты батыры, ақын-сазгер Қожаберген жырау Толыбайұлы жазған.
Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде қазақтардың бірыңғай әнұраны болмады. Қазақтарды ұлт-азаттық көтерілістерге қарсы қайсар ерлікке рухтандыратын ақындар мен жыраулардың жеке әндері ғана болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы — азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.
Соған байланысты 1992 жылы республика гимніның мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан әнұранының әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди.
Бүгін — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тұңғыш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде таңбаланып қалды.
Qamshy.kz ақпарат агенттігі мемлекеттік рәміздер жайлы он деректі ұсынады:
1992 жылы ҚР Мемлекеттік туын таңдайтын сәтте 600-ден астан адам өз нұсқаларын ұсынған.
1992 жылы қабылданған Мемлекеттік тудағы ою бастапқыда қызыл түсті болған. Кейіннен алтын түске ауыстырылған.
1992 жылы Елтаңбаны таңдар кезде 293 нұсқа ұсынылған.
Мемлекеттік елтаңба таңдалған сәттен бастап еш өзгеріске түспеген.
Елтаңбаға жұлдыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен енгізілген.
Батсапқыда Елтаңба авторы жұлдыздың орнына күн немесе айдың бейнеленуін ұсынған.
2006 жылы бүгінде қолданыста жүрген Мемлекеттік әнұран бекітілді. Ол 2006 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімі алғаш рет орындалды.
Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған «Менің Қазақстаным» әніне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі өзгерістер енгізіп, Әнұран авторларының бірі ретінде бекітілді.
Жаңа бекітілген Әнұран 59 сөзден тұрады. Оның ішінде 25 сөз жаңадан енгізілген. Ал әуені толықтай сақталған. Музыкасының авторы – Шәмші Қалдаяқов.
Алғашқы Әнұран сөзінің авторлары саясатқа негізделіп таңдалған деседі. Олар – қазақтың үш жүзінен шыққан үш ақын Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әли және Тұманбай Молдағалиев. Кейінірек бұл тізімге арасында әйел адам болуы керек деген оймен Жадыра Дәрібаева қосылған екен.
Ұлттық әнұран - патриоттық сезімдерді оятатын елдің тарихы мен әдеп-ғұрыптарынан құрылған ұлттық әні. Оны көбінесе мемлекет билігі қабылдайды.
Елді, мемлекетті, маңызды тарихи оқиғаларды, ұлттық батырларды асқақтатын бағдарламалық сипаттағы салтанатты ән; мемлекеттін бір рәмізі. Мемлекеттік Гимннің жалынды өзегі — ынтыға шабыттану, көңіл көтеріңкілігі, адамдарды өзінін туған елінеберілгендігі мен Отанынадеген сүйіспеншілігі арқылы біріктіретін тебіренісі болып табылады. Шынайы отаншылдық, халықтар арасындағы бейбітшілік пен туған елінің лайықты азаматтары үшін мақтанышқа негізделеді. Мемлекетгік Гимн — егеменді елдін Елтаңбасы мен Туының сазды баламасы.
Әнұрандар алғаш Еуропада он тоғызыншы ғасырда пайда болды. Алайда әлемде одан да ескі әнұрандар бар. Әлемдегі ең ескі әнұрандар он алтыншы ғасырда жазылған болатын. Голландиялық Het Wilhelmus пен Даниялық әнұран 1568 және 1572 аралығында пайда болған.