10 маусымда "Білім беруді цифрландыру жағдайында электронды оқулықтарды әзірлеудің тиімді технологиялары" тақырыбында республикалық вебинар өткізілді.

10 маусымда


11.06.2020 Барлық жаңалықтар


2020 жылдың 10 маусымында АЭжБУ "Математика және математикалық үлгілеу" кафедрасының оқытушылары  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің,  Е. А. Букетов атындағы ҚарМУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушыларының қатысуымен  "Білім беруді цифрландыру жағдайында электронды оқулықтарды әзірлеудің тиімді технологиялары" тақырыбында республикалық вебинар өткізді.

Вебинарда Қазақстандағы электронды оқулықтарға (ЭО) қойылатын талаптар, ЭО түрлі типтері қаралды, ЭО әзірлеу құралына мысалдар келітірілді, дәлірек айтқанда: pdf-ридрлер арқылы құрылған ЭО; «Электронды оқулық» дайын қосымшасын қолдана отырып, HTML-оқулықтар деп аталатын,  браузерлерде қолдану үшін құрылған ЭО, сондай-ақ flash-роликті ЭО түрі бойынша едәуір ілгері дамыған ЭО.

Вебинарда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Информатика және қолданбалы математика кафедрасының профессоры Г. И. Салгараеваның жетекшілігімен құрылған iSpring бағдарламасын қолдану арқылы анимациялық ЭО көрсетілді.

ENERGO UNIVERSITY