06.07.2020 Барлық жаңалықтар
Ғасырлар бойы егеменді мемлекет құру жөнінідегі ата-бабаларымыздың тарихи аманатын орындап, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде сындарлы саясатты ұстана білген Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы 80 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналып, татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін көрсетудің арқасында қарқынды дамып келеді. Сіздің бастамаңызбен тәуелсіздік жылдарында елімізде күрделі экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Болашақты болжай білетін көрегендігіңіздің арқасында көп ұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Қазақстан сізбен бірге және тұғырлы туымен, көрнекті елтаңбасымен, айбатты әнұранымен, қалыптасқан шекарасымен және ұлтық теңгесімен, сондай-ақ ділімен, дінімен дүниежүзілік қауымдастықтағы танымал елге айналды.
Шетте жүрген қандастарымыздың елге оралуына жағдай жасауыңыз Сіздің сындарлы және көреген саясатыңыздың нәтижесі, ұлы көштің бастамасы деп білеміз. Ал Сарыарқаның төсінде жаңа астанамыздың бой көтеруіне күш-жігеріңізді салуыңыз үлкен саяси көрегенділіктің үлгісі болды.
Тәуелсіз мемлекет болып дамыған 28 жыл ішінде атқарылған абыройлы істер мен жеткен жетістіктеріміз аз емес. Қазақ халқының тарихи Отаны, ұлтымыздың мәңгілік мекені, ұрпағымыздың ұлы ордасы Қазақстанның ендігі басты бағыты сіздің бастамаңызбен басталған дамыған 50 ел қатарына қосылу болмақ.
Мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындаған болашақтың бағдарламасы ретінде жарық көрген ойлы шығармаларыңыз – еліміз үшін Мәңгілік Ел болуға бағыттайтын құнды, бағалы мұра іспеттес.
«Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ» - деп өзіңіз айтып өткендей, ел болашағын, сіздің тың идеяларыңызды одан әрі дамыту үшін білімді де қабілетті ұрпақ, маман тәрбиелеу – біздің Университетіміздің бүгінгі күнгі басты мақсаты. Сіздің салған сара жолмен жүру – біз үшін үлкен жетістік!
Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді сексеннің сеңгіріне шыққан төл мерекеңізбен құттықтай келе, Сізге қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа толы ұзақ ғұмыр тілейміз! Халқыңыз үшін жасаған ерен еңбегіңіздің жемісін көріп, көздеген асқақ шыңдарыңызды бағындырып, діттеген игі мақсаттарыңызға жетініз!
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс Университетінің ректоры, профессор С.Сагинтаева