13 шілде-Қазақстанда коронавирус құрбандарын Жалпыұлттық аза тұту күні

13 шілде-Қазақстанда коронавирус құрбандарын Жалпыұлттық аза тұту күні


09.07.2020 Барлық жаңалықтар


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде  күнін Қазақстанда коронавирус құрбандарын Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Оба өмірден алып кеткендердің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Бұл зұлым және қорқынышты ауру әрқайсымызға да әсер етті. Коронавирустан болған жан шығыны барлық отандастар үшін жалпы трагедия болып табылады.

Сондықтан да осы тұрғыда дәрі-дәрмектерді қайта сату, дәрілердің жасанды тапшылығын жасау бойынша іс-әрекеттер адамгершілікке жатпайтын іс!

Сонымен қатар, Президентіміз  атап өткендей, «Кейбіреулер саяси ойын жасап, өсек таратады, жағдайды әртүрлі болжамдар мен үндеулер арқылы ушықтырады және қоғамда жеккөрушілік тудыруға тырысады. Мұндай манипуляциялар өте қауіпті».

Құрметті достар! Жағдайды саясиландырмайық, себебі біз саясаткер емеспіз!  Мемлекет пен денсаулық сақтау жүйесінің дайын еместігі жөніндегі пікірталасты, маскаларды кию немесе кимеу жөніндегі демагогияны  тоқтатайық. Мұндай қиын уақытта қарапайым талаптарды сақтау аса маңызды: қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, отбасылық  іс-шараларды ұйымдастырмау және өз қауіпсіздігі үшін маска  кию. Бірігу үшін қашықтықты сақтау өте маңызды!

Бейқамдық уақыты өтті! Жауапкершілік әрқайсымыздың мойнымызда!  Осынау барлығына қиын жағдайда қазақстандықтардың  басына түскен сынақтар алдында табандылықты, сабырлықты және жауапкершілікті көрсетуіміз керек.

Осы соғыста жеңіске жету үшін бар күш-жігерлерін салатын ел басшылығы мен медицина қызметкерлерін сөзбен емес, іс жүзінде қолдайық. Егер біз қазір наурыз-сәуір айларындағыдай оқшаулансақ,  онда бәріміз бірге осы ауруды жеңеміз. Жұмыла көтерген жүк қашанда жеңіл!

Құрметті достар, әріптестер және отандастар! Сіздерді:

Қашықтықты ұстануға

Энергияны сақтауға

Байланысты жетілдіруге шақырамын!

Қашықтықты сақтасақ, қауышар кез алыс болмас. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! Дендеріңіз сау болсын, қымбатты қазақстандықтар!

Сауле Сагинтаева Алматы қ., «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры

 

ENERGO UNIVERSITY