№2 жатақханада жөндеу жұмыстары басталды

№2 жатақханада жөндеу жұмыстары басталды


16.07.2020 Барлық жаңалықтар


№2 жатақханада жөндеу жұмыстары басталды

АЭжБУ-де басқа қаладан келген студенттерге арналған 3 жатақхана бар. Жатақханалар 1988 жылы пайдалануға берілді. Жыл сайын барлық жатақханаларда кем дегенде косметикалық жөндеу және ішінара күрделі жөндеу жүргізіледі. Соңғы бірнеше жылда жатақхананың сейсмотұрақтылығын күшейту бойынша жұмыстар жүргізілді, ал 2015 жылы – № 2 жатақхананың бір жартысы  күрделі жөндеуден өтті.

Студенттер тарапынан түскен көптеген өтініштер бойынша университет басшылығы барлық жатақханаларға күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдады, және де бұл жоспарға бірінші болып университеттің ең үлкен жатақханасы – № 2 жатақхана кірді.

№ 2 жатақхананың жалпы ауданы 11562 шаршы метр, жатақхана 837 студентті 247 бөлмеге орналастыру арқылы қабылдай алады.

Жөндеу маусым айының екінші жартысында басталды және бүгінгі күнге дейін біршама жұмыс атқарылды.

Біздің студенттер келгенге дейін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтап қана қоймай, № 2 жатақханадағы барлық жиһазды ауыстыру да  жоспарланып отыр.

Сіздерді жаңартылған жатақханада күтеміз!

Өздеріңізді сақтаңыздар!