АЭжБУ-ның 5 оқытушысы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын алды

АЭжБУ-ның 5 оқытушысы


05.01.2020 Барлық жаңалықтар


2019 жылы 27 желтоқсанда "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті. Еліміздің 48 жоғары оқу орнынан 200 адам "жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағына ие болды, соның ішінде АЭжБУ-ның 5 оқытушысы атақ алды.


Конкурсқа республиканың 81 жоғары оқу орнынан 471 үміткер қатысты. Қағидаға сәйкес Конкурсқа соңғы 10 жыл бойы жеңімпаз болмаған үміткерлер қатысты. Сонымен қатар, биылғы жылы оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмысын бағалаудың жаңартылған сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Оның ішінде ағылшын тілінде оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын әзірлеу, кәсіби қызметі бойынша шет тілінде жаппай ашық онлайн курстардан өту және т.б. болуы.  
 

Сондай-ақ, жоспарланған барлық жұмыстардың мониторингін қарастыратын үміткерлердің жұмыстарының жылдық жоспар-кестесі бағаланды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі «ADAL BILIM» жобалау кеңсесі конкурстық құжаттарға іріктемелі тексеру жүргізді, нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
 

Алғаш рет үміткерлерге қойылған балдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Ақпараттық-талдау орталығының интернет-ресурсында жарияланды және конкурсқа қатысушыларға нәтижелермен танысуға және келіспеген жағдайда өтініш беруге мүмкіндік берілді. Барлығы 160 өтініш келіп түсті.
 

Сарапшылар барлық 160 өтінішті қарап, конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын қайта тексерді. Сараптамалық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қосымша балдар берілген жоқ.

Біздің оқытушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

Алимсеитова Жулдыз Кенесхановна

Алипбаев Куаныш Арингожаевич

Алмуратова Нургуль Канаевна

Бахтияр Балжан Торепашовна

Сагындикова Айгул Журсиновна

ENERGO UNIVERSITY