21.07.2020 Барлық жаңалықтар
ЖЖБҰ докторантурасына өтініштер күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 10 тамызына дейін қабылданады. Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 17-22 тамызы аралығында өткізіледі. Оқуға тіркеу күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.
Докторантураға қабылдау құжаттары
Оқуға түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1.Қосымшасы бар Диплом (көшірмесі)*;
2.3х4 фотосурет-6 дана;
3.жеке куәлік-3 дана (көшірме)*;
4.Шетел тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификат (түпнұсқа);
5.Кадр есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат;
6.Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
7.Ақылы негізде түсушілер үшін шарт жасасуға және шығындарды төлеуге кепілдік беретін хат.