08.08.2022 Барлық жаңалықтар
Университет жатақханасына орналасу 25.08.2022 жылы басталады.
Университет порталына өтініш қалдыру мерзімі - 17-26 тамыз аралығы (өтініш қалдыру мекенжайын көрсетіңіз):
- https://portal.aues.kz/intranet/page.php?token=3369bceaf44b11eb8ecf0050569c6174&page_id=66&lang=1&action=search порталына кіріңіз және тіркеліңіз
- «Электронный деканатқа» өтіңіз
- «Жатақханаға өтініш» мәзіріне өтіңіз.
Жатақханаға орналасудың аяқталу күні – 23 қыркүйек.
- Талапкерлер мен жеңілдік алушылар 25-29 тамыз аралығында орналастырылады;
- 2 - курс 30 тамыз бен 02 қыркүйек аралығында орналасады;
- 3 - курс 03-06 қыркүйек аралығында орналасады;
- 4 - курс 07-09 қыркүйек аралығында орналасады.
1.АЭжБУ жатақханаларында кім тұра алады?
Университет жатақханаларында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша немесе толық төлем негізінде оқитын және Қазақстан Республикасының шалғай облыстарынан келген студенттер, сондай-ақ шет мемлекеттердің азаматтары тұруға құқылы.
2.Жатақханаға орналасу кезінде кімдер көбірек мүмкіндікке ие болады?
Бірінші кезекте жатақханадағы орындармен келесі талапкерлер қамтамасыз етіледі:
- кәмелетке толған сәтте ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
- I және II топтағы мүгедектер қатарындағы кемтар адамдар, мүгедек балалар немесе I және II топтағы мүгедек ата-аналары болған жағдайда (екеуі де немесе біреуі);
- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар;
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша немесе толық ақы төлеу негізінде оқитын және республиканың шалғай облыстарынан келген тұлғалар;
- оқу кезеңінде 21 жастан аспайтын білім алушыдан басқа, 18 жасқа дейінгі 3 және одан да көп баласы бар көп балалы отбасылардан шыққан талапкерлер мен студенттер.
3. Қандай және қай санаттағыларға жеңілдіктер бар?
Жетім балалар, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қамқорлықтағы (қамқоршылықтағы) балалар қатарындағы талапкерлер мен студенттерден тұру ақысы алынбайды.
Ескерту: Жеңілдіктерге құқығы бар талапкерлер мен студенттер (2 және 3 сұрақтарды қараңыз) келесі құжаттарды қосымша ұсынуға міндетті:
- ата-анасының немесе отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі туралы куәлік;
- ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
- өзінің туу туралы куәлігі және кіші іні-қарындастарының туу туралы куәліктері;
- жеңілдіктер беруді растайтын басқа да құжаттар.
4. Жатақханаға тұру үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?
Келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- жеке куәлік (көшірме-3 дана);
- 3\4 фотосурет – 3 дана;
- № 075-У медициналық анықтама (көшірмесі немесе электронды түрде).
- флюорография.
5. Жатақханада орын беру кезінде қандай рәсім қарастырылған?
Өтініш жатақханадан орын беру негізі (ректордың атына белгіленген үлгіде) болып табылады.
Өтініш:
- Университет сайтына немесе Қабылдау комиссиясына беріледі (өтініш электрондық түрде берілген жағдайда, барлық міндетті құжаттар сканерленген түрде қоса берілуі тиіс);
- өтініш берген барлық талапкерлер мен студенттер комиссия қабылдаған шешім туралы бұйрықты университеттің ресми әлеуметтік парақшаларына орналастыру арқылы хабарландырылады;
- талапкер берген өтінішті қанағаттандырудан бас тарту немесе қанағаттандыру туралы хабарлама 2 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қамтамасыз етіледі;
- АЭжБУ жатақханаларындағы орындарды бөлу комиссиясы мақұлдаған өтініштері бар талапкерлер мен студенттер Жалдау шартына қол қояды.
- Шартқа қол қойылғаннан және алғашқы төлем енгізілгеннен кейін (кемінде 1 ай тұру үшін) талапкер жатақханада тұру құқығына ие болады.
6. Сақтандыру депозитін төлеу
Тұрғын үй-жайды жалдау шартының 3.6-тармағына сәйкес Жалдаушы (студент) бірінші төлеммен бірге Жалға берушіге (АЭжБУ) жалдаушының кінәсінен жатақханаға келтірілген ықтимал залалды өтейтін 20 000 теңге мөлшерінде сақтандыру депозитін төлейді.
Депозиттің мөлшері тұру құнымен сәйкес келмеген жағдайда, Жалдаушы жетіспейтін ақша сомасын қосымша төлейді немесе 3.7-тармаққа сәйкес Университеттің бухгалтериясы депозиттің ақша қаражатын оқу жылы аяқталғаннан кейін қайтаруды жүзеге асырады.
7.Сақтандыру депозитін қайтару рәсімі
Жалдаушы (студент) өз институтының дирекциясында ӘТЖ проректоры С.К. Махмутовтың атына еркін нысанда өтініш жазады. Университет бухгалтериясы оқу жылы аяқталғаннан кейін депозиттің ақшалай қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
Өтініште көрсетілуі және қоса берілуі қажет құжаттардың тізбесі;
- Аты-жөні.
- Өз ЖСН.
- Банктің есеп айырысу шоты.
- Жатақханада тұрғаны үшін төлем құжаттарының көшірмесі (чектер).
Ұзақ тұру кезіндегі айлық төлем
Тұрғындар санаты | № 1 жатақханада тұру құны,тг | |
2 орынды | 4 орынды | |
Колледж | 16 400 | 10 500 |
Бакалавриат,магистратура,докторантура | 21 000 | 14 000 |
Тұрғындар санаты | № 2 жатақханада тұру құны,тг | ||
2 орынды | 3 орынды | 4 орынды | |
Колледж | 20 500 | 15 800 | 13 500 |
Бакалавриат,магистратура,докторантура | 30 500 | 28 000 | 25 500 |
Тұрғындар санаты | № 3 жатақханада тұру құны,тг | ||
2 орынды | 4 орынды | ||
Колледж | 20 500 | 13 500 | |
Бакалавриат,магистратура,докторантура | 30 500 | 25 500 |
Ұзақ тұру кезіндегі айлық төлем басқа категорияларға
Тұрғындар санаты | № 1 жатақханада тұру құны,тг | |
2 орынды | 4 орынды | |
АЭжБУ жұмыскерлері* | 35 000 | 40 000 |
Басқалар** | 40 000 | 45 000 |
Тұрғындар санаты | № 2 жатақханада тұру құны,тг | ||
2 орынды | 3 орынды | 4 орынды | |
АЭжБУ жұмыскерлері* | 39 000 | 42 000 | 45 000 |
Басқалар** | 45 000 | 48 000 | 50 000 |
Тұрғындар санаты | № 3 жатақханада тұру құны,тг | |
2 орынды | 4 орынды | |
АЭжБУ жұмыскерлері* | 39 000 | 45 000 |
Басқалар** | 45 000 | 50 000 |
*Работники АУЭС (медсестры, сантехники, кураторы)
**Иные (студенты, магистранты, докторанты по академмобильности и ППС по приглашению АУЭС)
Қысқа мерзімді тұру кезінде тәуліктік төлем
Тұрғындар санаты | № 1 жатақханада тұру құны,тг | |
2 орынды | 4 орынды | |
Талапкерлер | 3000 | 1500 |
Білім алушылардың ата-аналары мен туыстары | 4000 | 2000 |
Басқалар | 7000 | 3000 |
Тұрғындар санаты | № 2 жатақханада тұру құны,тг | ||
2 орынды | 3 орынды | 4 орынды | |
Талапкерлер | 3500 | 3000 | 2500 |
Білім алушылардың ата-аналары мен туыстары | 4500 | 3500 | 3000 |
Басқалар | 7500 | 6500 | 4500 |
Тұрғындар санаты | № 3 жатақханада тұру құны,тг | |
2 орынды | 4 орынды | |
Талапкерлер | 3500 | 2500 |
Білім алушылардың ата-аналары мен туыстары | 4500 | 3000 |
Басқалар | 7500 | 4500 |