АЭжБУ оқуға жеңілдіктер туралы хабарлайды

АЭжБУ оқуға жеңілдіктер туралы хабарлайды


19.08.2020 Барлық жаңалықтар


АЭжБУ оқуға жеңілдіктер туралы хабарлайды

Гранттар мен жеңілдіктер берудің негізгі мақсаттары білім алушыларды әлеуметтік қолдау, сондай-ақ Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттерін сапалы оқуға ынталандыру болып табылады.

ЖЕҢІЛДІКТЕР ТҮРІ

Университеттің барлық білім алушыларына және оқу түріне қарамастан жаңадан түсушілерге:

Сипаты Жеңілдіктердің әрекет ету мерзімі Жеңілдік, %
1

Ағымдағы жылдың 28 тамызына дейін бір оқу жылы үшін алдын ала 100% төлем жасаған жағдайда.

Бір жыл 10%

 

Университеттің барлық білім алушыларына және оқу түріне қарамастан жаңадан түсушілерге:

Сипаты Жеңілдіктердің әрекет ету мерзімі Жеңілдік, %
1 Он және одан да көп адам жиналған жағдайда корпоративтік клиенттерге (төлемді заңды тұлға жүргізеді). Оқудың барлық кезеңі үшін 30%

 

Бакалавриат бағдарламасының білім алушыларына (күндізгі оқу түрі):

Сипаты Жеңілдіктердің әрекет ету мерзімі жеңілдік, %
1

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бала күнінен мүгедектер, 1, 2 - топтағы мүгедектер, ата-аналарының екеуі де 1, 2-топтағы мүгедектер болып табылатын талапкерлер мен студенттер үшін;

18 жасқа дейінгі 3 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан, оқу кезеңінде 21 жастан аспайтын білім алушыдан басқа, талапкерлер мен студенттер үшін;

Жеңілдіктер өтінішке сәйкес жыл сайын комиссиямен қаралады. Бұл ретте әрбір жеңілдік иесі оқу барысында үлгерімнің ең төменгі белгіленген талаптарына сәйкес болуы тиіс, семестрдегі бағалар "қанағаттанарлықтан" төмен болмауы тиіс.

Бір жыл 30%
2 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар университеттің штаттағы қызметкерлерінің жақын* (тікелей) туыстары үшін. Оқудың барлық кезеңі үшін 30%
3 Университетте ҰБТ-ға дайындық курстары бағдарламасында кемінде 3 ай оқыған талапкерлер үшін. Бірінші оқу жылына 10%

 

ҰБТ-да 131-ден 140 баллға дейін жинаған жалпы орта білім беретін мектеп/колледж түлектеріне арналған грант:

Сипаты Жеңілдіктердің әрекет ету мерзімі жеңілдік, %
1

Тегін оқуға құқық беретін Университеттің ішкі гранты.

Бұл ретте, әрбір грант иегері оқу барысында үлгерім мен қоғамдық белсенділіктің ең төменгі белгіленген талаптарына сәйкес болуы тиіс:

а.семестрдегі бағалар "жақсы" дегеннен төмен болмауы керек.

b. университеттің қоғамдық қызметіне, оның ішінде КК белсенді қатысу (семестрде 100 сағат).

Егер студент үлгерімі бойынша ең төменгі талаптарға сай болса және университеттің белсенді өміріне қатысса, Грант әр семестр сайын ұзартылады. Егер үлгерім белгіленген деңгейден төмен түссе немесе студент университеттің белсенді өміріне қатысудан бас тартса, онда келесі семестрде студент оқу үлгерімі мен белсенді қоғамдық қызметі талап етілетін деңгейге жеткенше бір семестр құнының 100% төлейді.

 

Гранттар саны шектеулі: 5 грант.

Бірінші оқу жылына және одан әрі үлгерім мен қоғамдық белсенділік талаптарына сәйкес 100%

 

О. Жәутіков атындағы "Республикалық физика-математика мектебі" КЕАҚ, Алматы қ. мамандандырылған "Білім-Инновация" лицей-интернаты, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ ҰБТ-да кемінде 125 балл жинаған бітіруші талапкерлер үшін тағайындалатын грант:

Сипаты Жеңілдіктердің әрекет ету мерзімі Жеңілдік, %
1

Төрт жыл бойы тегін оқу құқығын беретін университеттің ішкі гранты

Бұл ретте, әрбір грант иегері оқу барысында үлгерім мен қоғамдық белсенділіктің ең төменгі белгіленген талаптарына сәйкес болуы тиіс:

а.семестрдегі бағалар "жақсы"дегеннен төмен болмауы керек.

b. университеттің қоғамдық қызметіне, оның ішінде КК белсенді қатысу (семестрде 100 сағат).

Егер студент үлгерімі бойынша ең төменгі талаптарға сай болса және университеттің белсенді өміріне қатысса, Грант әр семестр сайын ұзартылады. Егер үлгерім белгіленген деңгейден төмен түссе немесе студент университеттің белсенді өміріне қатысудан бас тартса, онда келесі семестрде студент оқу үлгерімі мен белсенді қоғамдық қызметі талап етілетін деңгейге жеткенше бір семестр құнының 100% төлейді.

Грант саны шектеулі: 3 грант.

Оқудың барлық кезеңі үшін (4 жыл)

100

Ескерту - егер бакалавриат талапкері жеңілдіктердің бірнеше түріне үміттенсе, онда бұл жағдайда жеңілдіктер жинақталмайды. Артықшылық ең үлкен жеңілдікке беріледі.

Ғ.Ж. Дәукеев атындағы грант

Сипаты Жеңілдіктердің әрекет ету мерзімі Жеңілдік, %
1

Ғ.Ж. Дәукеев атындағы Грант - ақылы негізде оқитын, оқудың үздік нәтижелерін көрсеткен және "АЭжБУ" КЕАҚ өміріне белсенді қатысатын 2-курс студентіне беріледі

Грант саны: 1 грант

1 жыл

100%

Магистратура бағдарламасы бойынша білім алушыларға (күндізгі оқу түрі)

Университеттің талапкер-түлектеріне арналған жеңілдіктер:

Сипаты Жеңілдіктердің әрекет ету мерзімі жеңілдік, %
1

АЭжБУ түлектері үшін.

Оқудың барлық кезеңі үшін

15%
2 Үздік дипломы бар АЭжБУ түлектері үшін. Оқудың барлық кезеңі үшін 20%

 

Докторантура бағдарламасы бойынша білім алушыларға (күндізгі оқу түрі)

Университеттің талапкер-түлектеріне арналған жеңілдіктер:

Сипаты Жеңілдіктердің әрекет ету мерзімі жеңілдік, %
1

АЭжБУ магистратура түлектері үшін 

Оқудың барлық кезеңі үшін

30%
2 АЭжБУ-ді бакалавриат бағдарламасы бойынша, ал магистратураны басқа Университетте бітірген түлектер үшін Оқудың барлық кезеңі үшін 30%