Ең үздік "Moving"– көшу қызметі жобасына өтініш беріңіз!

Ең үздік


24.08.2020 Барлық жаңалықтар


Ең үздік "Moving"– көшу қызметі жобасына өтініш беріңіз!

"MOVING" ҮЗДІК ЖОБАСЫНА ӨТІНІМ БЕР!

Astana hub пен BI Innovations бірге "Moving" ең үздік жобасына Challenge ұйымдастырды.

Мақсаты:

- клиентке көшу процесін (орау, жинау, тасымалдау, ораудан шығару) ұйымдастыру бойынша қажетті қызметтер тізімін ұсынатын қызметті іске қосу.

Ұсынылған шешімдер келесі міндеттерді шешуі керек:

- клиентке қажетті қызметтер тізімін ұсыну (орау, жинау, тасымалдау, ораудан шығару);

- көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;

- пайдалануға ыңғайлы болу.

Өтінімдерге қойылатын негізгі талаптар:

- командадағы адамдар саны кемі 4 болу;

-Нұр-сұлтан/Алматы қалаларында жұмыс істеуге дайын болу;

- Тұжырымдаманың сипаттамасы - кем дегенде 200 сөз (диаграммалар/схемалар құпталады);

- "Неге біз?» сұрағына жауап беру;

- команда мүшелерінің тізімі - рөлдерді сипаттау, қатысушылардың CV;

- іске асыру мерзімін көрсету;

- презентация (монетизация моделі, нарық мүмкіндіктері, команда, бірегейлік).

Стартап-командалары үшін Challenge конкурсына қатысу қандай мүмкіндіктер береді:

* Жобаны 10 миллионға дейін қаржыландыру;

* BI Group компаниясының сараптамалық білімі мен тәжірибесіне қол жеткізу;

* BI Group компаниясының трекерлік және тәлімгерлік қолдауы;

* BI Group компаниясының жобалары негізінде пилоттық жүргізу;

* Astana Hub-да кепілдендірілген акселерациядан өту.

Аяқталу күні - 2020 жылғы 10 қыркүйек

Өтінім беру және өтінім ережелерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады

ENERGO UNIVERSITY