26.08.2020 Барлық жаңалықтар
Карантин шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі аясында 31 тамыздан бастап қандай нысандар жұмысын бастайды, бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды. Денсаулық сақтау министрлігі шектеу шаралары ел бойынша COVID-19 инфекциясын 10 есеге, жедел жәрдемді шақыру санын 4,2 есеге, ауруханада жатқандардың санын 80%-ға төмендетуге мүмкіндік бергенін, ал мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артқанын хабарлады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қол жеткізілген оң әсерді ескере отырып, ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап келесі нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады :
- діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);
- бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);
- жаттығу залдары (1 келушіге 5 ш. м. дейін, алдын ала жазылу арқылы);
- спорт кешендері (1 келушіге 5 ш. м. дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);
- мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-дан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу қажет);
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:
- мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықта, бетперде тағу қажет);
- қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.
- «Барлық нысандар тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңірлердің әкімдіктері денсаулық сақтау министрлігі, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет», - деп атап өтті Тоғжанов.
Хабарда айтылғандай, кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Еске салсақ, 17 тамыздан бастап Қазақстанда карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету басталды.