01.09.2020 Барлық жаңалықтар
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Парламент палаталарының бірлескен отырысына Мәжіліс және Сенат депутаттары, Үкімет мүшелері, қоғам қайраткерлері, зиялылар мен сарапшылар жиналды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың екінші жолдауында еліміздің дамуы, экономикалық және әлеуметтік мәселелері көтерілді.
Жолдауда айтылған негізгі мәселелерге тоқтала кетейік:
«1. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру жөнінде шешім қабылдадым. Мемлекеттік басқару, шешім қабылдау және оның орындалу әдісін өзгертуден бастаймыз.
2. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлы-балдық шкаланы енгізу керек.
3. Пандемия мен мемлекеттік органдарда қызмет ететін қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру барысында, мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын және керек екенін көрдік. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетуді тапсырамын.
4. Қазіргі өзгермелі әлемде шешім қабылдаудың баяулығы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Сондықтан, құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңнаманы өзгерту арқылы құқықтық регламенттеу деңгейлері арасында балансты қамтамасыз ету керек. Мұны кешіктіруге болмайды!
5. Ұзаққа созылған мұнай суперциклі аяқталған тәрізді. Енді әлемдік нарықтың түбегейлі жаңа конъюктурасына дайын болу керек.
6. Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан ішкі нарықтарымыздың зор мүмкіндіктерін әлі де толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз.
7. Үкіметке бизнеспен бірлесіп АӨК-тің бесжылдық дамуы жөніндегі сапалы жаңа ұлттық жобаны әзірлеуді бастауды тапсырамын. Біздің негізгі міндетіміз – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өзіндік қамтамасыз ету.
8. Электр энергетикасы, кәсіп саясаты туралы бірізді заң жыл соңына дейін әзірленуге тиіс.
9. Келесі – бизнес климат. Реттеуші сала әлі де ебедейсіз, тіпті жазалаушы болғандықтан, бұл сала реформаларға мұқтаж. Реттеуші саясаттың негізгі принциптері өзгертілуі тиіс.
10. Ұлттық банк құрылымында Ақша-несие саясаты жөніндегі комитет құру жөнінде шешім қабылданды. Оның құрамына тәуелсіз мүшелер кіреді. Біз ұлттық табысты қайта бөлу маңыздылығын айтып отырғандықтан, бүкіл ел азаматтары үшін түсінікті салық саясатын дамытуымыз керек.
11. Президентке тікелей қарасты бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі Агенттік құруды тапсырамын. Тең бәсекелестікті дамытуда экономиканы мемлекет иелігінен шығару маңызды рөл атқарады.
12. 2021 жылы 700 мың БЖЗҚ салымшысы жинақтарын баспана сатып алуға ала алады.
13. 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» жобасын іске қосуға тапсырамын. Бағдарлама бойынша квота санын 7 мыңға дейін арттыру керек, яғни, 7 есеге.
14. Үкімет бастапқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауы қажет. Ол барынша мобильді, әрі халықтың барлық тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Шалғай өңірлердегі көліктік медицинаны жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет.
15. Әлеуметтік төлемдерді цифрландыру бойынша шаралар қабылдануы керек. Ол үшін азаматтың цифрлы әлеуметтік әмиянын енгізіп, сондай-ақ тиісті тауар өткізуші жүйені құру қажет.
16. Қылмыстық және қылмыстық-процесуалдық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Оны жиі түзетулер мен өзгерістер енгізу құқықты қолдануға кері ықпал етеді және біркелкі тергеу және сот практикасын жасауға мүмкіндік бермейді.
17. Адам құқықтарын қорғау бойынша жаңа шаралар қабылдау өте маңызды. Мен үшін бұл - басым бағыттағы шешілуі тиіс проблема. Бүкіл әлем сияқты, Қазақстан да азаматтардың интернетте қудаланудан қорғалмау жағдайына тап болды. Бұдан бірінші кезекте балалар зардап шегеді, өкінішке қарай, олар интернеттегі қудалауды ерекше жақын қабылдайды, оның салдыра қайғылы жағдайға әкеліп соғады
18. Үкімет өнеркәсіп пен IT-сала арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты реттеуі тиіс. Бұл әрбір саланың цифрлы экожүйесінің қозғаушы цифрлы технология платформаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
19. Ауыл әкімдерін тікелей сайлауды өткізуге болады деп ойлаймын.
20. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлейтін кез келді. Парламент сол бойынша сәйкес заңдар жиынтығын қабылдайды.
21. Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ.
22. Келесі жылы ШОБ қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруді тапсырамын. Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез-келген заңсыз араласуы, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіруі мемлекетке қарсы аса ауыр қылмыс деп қабылдануы тиіс.
23. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлейтін кез келді. Парламент сол бойынша сәйкес заңдар жиынтығын қабылдайды.
24. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Ол кәмелет жасына толмағандарға қатысты қылмыстар үшін жауапкершіліктің айтарлықтай қатаңдатылды. Алайда осыған қарамастан, бұл мәселе өзекті болып отыр. Мұндай қылмыскерлер кешірім құқығынсыз, мерзімінен бұрын босатылмайтын қатаң жазаға лайықты. Олар қауіпсіздігі жоғары мекемелерде болуы керек. Әрбір осындай іс прокуратура органдарының ерекше бақылауында болуы тиіс».
Сауатсыздық пен беделқұмарлық. Хайпократия. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Ұлттық өзсананың жандануы.
Жолдаудың толық нұсқасын келесі сілтеме бойынша оқи аласыз.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жолдауын 2 қыркүйек күні өткізген және ол «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталған еді.