"Шнайдер электрик" компаниясы вебинарлардың белсенді АЭжБУ қатысушыларын жүлделермен марапаттады



07.09.2020 Барлық жаңалықтар


«Schneider Electric» компаниясы АЭжБУ-ге арналған вебинарлардың белсенді қатысушыларын жүлделермен марапаттады

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері мен қызметкерлеріне арналған оқыту вебинарлары әлемге әйгілі «Schneider Electric» компаниясының қазақстандық өкілдігімен ынтымақтастығының тағы бір көрінісі болды.

«Schneider Electric» - өнеркәсіптік автоматтандыру және энергиямен жабдықтау саласындағы әлемдік көшбасшы. Осы компанияның қазақстандық өкілдігі мен Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ арасында көпжақты серіктестік дамытылуда. «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының негізінде Schneider Electric компаниясының қазіргі заманауи автоматтандыру жабдықтарымен және бағдарламалық жасақтамасымен жабдықталған зертхана құру осы ынтымақтастықтың стратегиялық қадамы болды. Құрылған зертханада оқу үрдісінен басқа, мысалы, түрлі жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.

Ынтымақтастықтың тағы бір түрі ретінде «Schneider Electric» компаниясы «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының көмегімен АЭжБУ барлық мамандықтарының студенттеріне және университет қызметкерлеріне арналған бірнеше оқыту вебинарларын өткізді:

Дәріс берушілер ретінде «Schneider Electric» компаниясының қазақстандық және ресейлік кеңселерінің тәжірибелі мамандары болды. Вебинарлардың тақырыптары Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде оқытылатын көптеген мамандықтар мен білім беру бағдарламаларын қамтитындай болып таңдалды.

Вебинарлардың соңында «Schneider Electric» компаниясы вебинардың ең белсенді қатысушыларына компания таңбасы белгіленген сыйлықтар табыстады. Олар:

- Карим Игликов;

- Айзада Сейтқазы;

- Чингиз Мендыханов;

- Тимур Шалгинбаев;

-  Жанна Тлеубаева.

Марапатталғандардың ішінде екеуі - Айзада Сейтқазы және Тимур Шалгинбаев - «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттері, ал Жанна Тілеубаева - осы кафедраның аға оқытушысы.

Жалпы айтқанда, «Schneider Electric» компаниясымен ынтымақтастық «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы үшін дамудың стратегиялық бағыттарының біріне айналды.

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы

 

ENERGO UNIVERSITY