Integral (Үндістан) университетінің делегациясы АЭжБУ-де қонақта болды

Integral (Үндістан) университетінің делегациясы АЭжБУ-де қонақта болды


08.01.2020 Барлық жаңалықтар


2020 жылдың 8 қаңтарында АЭжБУ басшылығы Integral (Үндістан) университетінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жоғары білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегі, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобалардың мүмкіндіктері талқыланды.

АЭжБУ ректоры Сауле Сагинтаева университет қызметінің негізгі бағыттары, материалдық-техникалық жабдықталуы, университетте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары туралы айтып берді.
"Біздің университет өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықты әрдайым қолдайды. Біз "Erasmus Plus" халықаралық жобасына қатысушы жоғары оқу орындарының халықаралық консорциумының құрамына кіреміз, біз бірқатар шетелдік жоғары оқу орындарымен (Ресей, Италия, Германия және т.б. ) түрлі бағдарламалар мен жобалар бойынша ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Қазақстан мен Үндістан арасында көп жылдық өзара тәжірибе алмасы бар, көптеген үнді студенттері Қазақстанның түрлі білім беру мекемелерінде білім алуда", - деді Сауле Сагинтаева.


Доктор Сайед Надим Ахтар – халықаралық ынтымақтастық және жоспарлау департаментінің директоры, Integral университетінің инженерия факультетінің деканы АЭжБУ өкілдеріне қонақжайлығы үшін және кездесу үшін алғысын білдірді, сондай-ақ университеттер арасында достық қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында Integral университетінің делегациясы үшін АЭжБУ оқу ғимараттары мен зертханалары бойынша экскурсия ұйымдастырылды (Kaspersky lab, акт Huawei, Dr Web зертханасы
және т.б.).

Integral университеті 2004 жылы құрылған Уттар-Прадеш штатының астанасы (Үндістан) Лакхнау қаласындағы жеке университет болып табылады. Университетте техникалық, гуманитарлық және медицина ғылымдарының түрлі бағыттары бойынша білім беріледі.

ENERGO UNIVERSITY