АЭжБУ-да «SpaCE» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

АЭжБУ-да «SpaCE» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды


18.09.2020 Барлық жаңалықтар


АЭжБУ-да «SpaCE» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде «SpaCE – Space, Communication and Engineering»  ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы өтті.

«SpaCE» ғылыми-зерттеу орталығы телекоммуникация және ғарыштық инженерия институтының Н.Э.Бауман атындағы МЖТУ Инжинириумы базасында бірлесіп ұйымдастырылды. Аталмыш орталық  ғарыштық технология және технология, телекоммуникация, роботтық техника, электроника және бағдарламаландыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарға негізделген. Ғылыми-зерттеу орталығының негізгі қызметкерлері ғылыми қызметпен айналысатын студенттер, магистранттар, PhD студенттері болады. Орталықта  АЭжБУ студент-зерттеушілерімен қоса, шетелден «студент алмасу» бағдарламасы бойынша келген студенттердің ғылыми қызметтері де тоғысады. «SpaCE» ғылыми-зерттеу орталығында квалификацияны көтеру курстары өтеді. Ол жерде өндірістегі және шетелдік университеттердегі мамандар сабақтар өткізеді. Сондай-ақ, телекоммуникация, ғарыштық инженерия, электроника және роботтық техника бойынша әртүрлі халықаралық ғылыми-зерттеулік жарыстарға студенттер тобының мүшелерін дайындауды жоспарлаған.

Іс-шараның басында, алғашқы болып университеттің ректоры Сагинтаева Сауле Саветовна тілек білдірді, сондай-ақ университеттің ашылуымен «ҒЗЖТҰО» АҚ басқарма төрағасы Нұрғожин. М.Р және Н.Э. Бауман атындағы МЖТУ директоры Көмекбаев А.Е құттықтады.

Сөз сөйлегеннен кейін ашылу салтанаты және орталықтың таныстырылуы өтті.

Балбаев Ғани Құдайбергенұлы, ғарыштық инженерия және телекоммуникация институтының директоры:

«Біз Римдік TOP Вергата университетімен бірлесіп серіктесуге және «SpaCE»-тің бөлімшесін оларда ғылыми лаборатория ретінде ашуға келістік. «SpaCE» ғылыми-зерттеу орталығында студенттерге стартаптар жасалады. Орталық креативті және мақсатқа бағытталған студенттерді қолдайтын болады. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу орталығы  өздерінің студенттері, магистранттары және докторанттары жүргізген ғылыми зерттеулердің коммерциализациясымен айналысуды жоспарлаған.

Әліпбаев Қуаныш Аринқожаевич,  «SpaCE» орталығының басқарушысы:

«Орталықтың мақсаты  оқушылардың болашақта жұмысқа орнығуына, жобалық түсінігін арттыруға және тәжірибеде техникалық идеяларын жүзеге асыруына көмектеседі. Яғни, кәсіби бағдарлануын және техникалық дағдылары мен инженерлік ойлау қабілетін қалыптастырады.

Жыл сайын инженерлік мамандықтар танымалдылығын арттыруда: бұл саладағы нағыз кәсіби шеберлікке қол жеткізіп, абырой мен жақсы төленетін еңбек ғана емес, сонымен қатар, үлкен қызығышулыққа шақырады».

 

 

 

ENERGO UNIVERSITY