Жатақханаға орналасуды шектеу және 2020 жылдың қазан айында зертханалық жұмыстарды жүргізу

Жатақханаға орналасуды шектеу және 2020 жылдың қазан айында зертханалық жұмыстарды жүргізу


24.09.2020 Барлық жаңалықтар


Жатақханаға орналасуды шектеу және 2020 жылдың қазан айында зертханалық жұмыстарды жүргізу

Құрметті Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің білім алушылары!

Коронавирус пандемиясына және инфекцияның жасырын түрлерін тіркеуді жалғастыруға байланысты білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында АЭжБУ басшылығы мынадай шешім қабылдады:

1. 2020/21 оқу жылының 1 семестрінде 1-курс студенттерін барлық білім беру бағдарламалары бойынша оқыту  Microsoft Teams платформасын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту форматында ғана өткізілетін болады, студенттерді университет  кампустарына кіргізудің және олардың басқа қаладан Алматыға келулерінің қажеттілігі жоқ,  себебі 1-курстың 1-семестріндегі барлық пәндер жалпы білім беретін пәндер болып табылады және сабақтарды арнайы жабдықтармен өткізуді талап етпейді.

2. 2020/21 оқу жылының 1 семестрінде қазан-желтоқсан айларында 2-4 - курс студенттерін (сондай-ақ магистранттар мен докторанттарды) барлық білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша оқыту дәрістік және семинарлық сабақтар мен жабдықтармен зерттеуді талап етпейтін зертханалық сабақтар үшін онлайн форматта жалғасатын болады. АЭжБУ зертханаларында жабдықтармен жүргізілетін зертханалық сабақтар қазан-желтоқсан айларында санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтай отырып, оқытушымен бақыланатын жылжымалы кесте бойынша зертханада әр түрлі стендтерде жұмыс істейтін 4-тен аспайтын студенттермен өткізіледі. Орындалған зертханалық жұмыстарды қорғауды студенттер зертханалық сабақтар кестесі және қосымша онлайн-кесте бойынша арнайы бөлінген СОӨЖ сағаттары бойынша өтеді, олардың кестесін оқытушының өзі жасайды.

3. Басқа қаладан келген 2-4 - курс студенттерінің (сондай-ақ магистранттар мен докторанттардың) 2020/21 оқу жылының 1 семестріне келуі орынсыз. Басқа қалалықтар өз қалаларынан Зертханалық жұмыстардың орындалуын бақылай алады. Ұялы байланыспен және интернетпен қамтылмаған (қамту картасы бойынша тексеріледі) кенттерде тұратын басқа қаладан келген студенттер Алматыға қазан айының басында келе алады. Бірақ олар жоғары курс студенттерінің жатақханаға орналасуы мәселесін Орындарды бөлу жөніндегі комиссияның жеңілдіктерді (жетімдер, мүгедектер және т.б.) және негізгі тұрғылықты жерінің қашықтығын ескере отырып, шешетінін ескерген жөн.

4. Елде санитарлық-профилактикалық шаралар жеңілдеген және пандемиямен табысты күрес жүргізілген жағдайда университет сайтында 2021 жылдың қаңтар айының соңында, 1 ақпаннан бастап екінші семестрге Алматыға келу мүмкіндігі туралы қосымша хабарланатын болады.

ENERGO UNIVERSITY