Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!

Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!


02.10.2020 Барлық жаңалықтар


«Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»

Мағжан Жұмабаев

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ оқытушы-профессорлық құрамы университетіміздің жақсы атының қалыптасуына атсалысып қана қоймай, Қазақстан энергетикасы және жалпы ғылым саласының дамуына зор үлес қосты.

Білім ордамыз мамандар даярлаудан бірінші қатарда, сондай-ақ, ұлттық және халықаралық рейтингте көшбасшы.

Университетіміздің дамуына үлес қосып жүрген барша ұстаздарға алғыс білдіреміз. Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дың Орталық Азиядағы үздік техникалық ЖОО болуы, сіздердің адал еңбектеріңіздің жемісі деп білеміз.

Жұмыстарыңыз табысты болсын, денсаулық және бақыт тілейміз!

ENERGO UNIVERSITY