Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды.


05.10.2020 Барлық жаңалықтар


Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус инфекциясының алдын-алу шаралары туралы жаңа қаулысы жарияланды.

Қаулыға сәйкес, халыққа байланыссыз қызмет көрсететін нысандар үшін (автокөлік жуу орындары, автокөлікке техникалық қызмет көрсету станциялары, дөңгелек жөндеу станциялары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалау және кір жуатын орындар және т.б.) жұмыс уақытын таңғы сағат 10:00-ден түнгі 00:00-ге дейін ұзартуға рұқсат етілді. Сонымен қатар, жұмыс, демалыс және мереке күндері таңғы сағат 05:00-ден түнгі сағат 00:00-ге дейін жеке ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарына (асханалар, кофеханалар, кафелер және т.б.) барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жеткізу қызметін көрсетуге рұқсат берілді. Қаулы 6 қазанда сағат 00:00-де күшіне енеді.

https://www.nege.kz/news/economy/almatida_kafe_zhane_kolik_zhuu_orindarinin_zhumis_uakiti_uzartildi_20201005084003?utm_source=ainews&utm_medium=referral

ENERGO UNIVERSITY