16.10.2020 Барлық жаңалықтар
Білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау ортасын қалыптастыру!
2020 жылғы 15 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Н.М. Сапаровтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын әзірлеу және бекіту мәселесі бойынша Алматы қаласының жоғары оқу орындарының ректорларымен диалогтық кездесу өтті. Іс-шара жұмысына Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сауле Саветқызы Сагинтаева қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ, Абай атындағы ҚазҰПУ сынды жетекші жоғары оқу орын басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының осы кешенді жобасы бірауыздан қолдады. Ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін жетекші университеттер әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарларын келісу ұсынылды.
«Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы К.А. Токушев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарының тұсаукесерін жасады. Ол бүгінгі таңда ахуалды талдауды назарға ала отырып, үлгілік жоспарға 19 іс-шара енгізілгенін атап өтті. Олардың ішінде:
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, студенттер мен ПОҚ бұзушылықтарын есепке алу және оларды жауапкершілікке тарту үшін құрамына оқушыларды, студенттерді, ата-аналарды, демеушілерді, жұмыс берушілерді және үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін міндетті түрде енгізе отырып, әдеп, Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны (кеңесті) құру;
- ISO 37001-16 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеу және оның қызметіне енгізу. Білім беру ұйымдарының қаржы қаражатын пайдалану бойынша жария есептілік тетіктерін енгізу;
- бүкіл оқу процесін цифрлық технологияларға көшіру, сондай-ақ студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсету, оның ішінде жатақханаға орналасу, білім беру гранттары мен стипендияларын беру, жеңілдіктер беру, академиялық ұтқырлық мүмкіндігі;
- студенттер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің болуына және академиялық адалдық қағидаттарының сақталуына әлеуметтік зерттеу (сауалнама) жүргізу;
- «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің әдістемесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз сараптаманы тарту мүмкіндігімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
Диалогтық кездесуге қатысушылар жоғары оқу орындарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша «Sanaly urpaq» жобалық офисімен тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру туралы шешім қабылдады. Осы іс-шаралардың барлығы оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың нәтижелілігін кешенді түрде қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие және әлеуметтік жұмыс білім алушылармен тәрбие жұмыстарының, қызметкерлермен және ОПҚ-мен алдын алу жұмыстарының, университет ортасында сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу және ұйымдастырудағы маңызды бағыттардың бірі болып табылатыны сөзсіз.