Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ-да XI Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясының пленарлық отырысы өтті

Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ-да XI Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясының пленарлық отырысы өтті


21.10.2020 Барлық жаңалықтар


КЕ АҚ «Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және баланыс университетінде» 2020 жылдың 16-18 қазан күндері аралығында «Энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жоғары білім» атты  XI Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті. Аталмыш іс-шара энергетика және телекоммуникация саласындағы жетекші жоғарғы оқу орны, яғни, АЭжБУ-дың 45 жылдығына арналған.

COVID-19 вирусын тасымалдамау мақсатында, университеттің басшылығы конференцияны қашықтықтан, Zoom платформасында өткізуді жөн көрді.

Конференцияға Ресей, Украина, Польша, Болгария, Қытай және АҚШ ғалымдары, сонымен қатар, Қазақстандағы энергетика, байланыс және  IT-технология саласы бойынша қызмет атқаратын беделді ұйымдардың басшылары қатысты.

Конференцияда 10 бөлім бойынша жұмыс жүргізіліп, 140 баяндама оқылды. Әр бөлімнен келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

- «Ғылыми зерттеудегі жаңалық»;

- «Зерттелген мәселенің өзектілігі»;

- «Тақырыптың кәсіби ашылуы».

Онлайн пленарлық отырысқа қатысқандар:

ҚР экология, геология және табиғи қорлар Министрлігінің, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы - Жолдасов Зулфухар Сансызбаевич. Ол Қазақстан қалаларындағы әуе бассейндерінің экологиялық тұрғыдан біршама жақсарғанын айтты. Сонымен қатар, Алматы ЖЭЦ-1 газға ауысуының арқасында зиянды заттардың шығарылуы 50% төмендеген. Жолдасов З.С. қоқысты жою мәселесін де көтерді, бұл тұрғыда шетелдік әріптестердің тәжірибесін қолдануға болатынын айтты және ҚР заңына да осы тұрғыда түзетулер енгізу керектігін атап өтті.

Конференция барысында Қазақстан, Орта Азия және Моңғолия  «Kaspersky Lab» директоры  Питолин Евгенийдің «Сандық экономикадағы және қоғамдағы маңызды нысандардың кибер қауіпсіздігі» атты баяндамасын оқыды. Ол Қазақстанның кибер шабуылға ұшырау жағынан әлем бойынша 40 орында тұрғанын тілге тиек етті. Ал ең маңыздысы, өндірістік кәсіпорындардың кибер қауіпке ұшырауының жылдан ылға артып жатқанын жеткізді.

АҚШ Агенттігінің Халықаралық даму өкілдері Елькин С.А. мен Арзуманян А. университетпен көп жылдан бері атқарылып жатқан істерді және соның арқасында энергоменеджменттің стандарттары пайда болғанын, жылу автоматизациясының дамығанын, экспресс энергоаудиттің жүргізілгенін, USAID пен АЭжБУ ара қатынасының нәтижелі болғанын да  атап өтті. Мысалы, соның нәтижесі ретінде университеттегі зертханаларда тәжірибелік құралдардың пайда болғанын, ортақ зерттеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын, электроэнергетикада жаңа техникалардың пайда болып жатқанын атай кетуге болады.

Пленарлық отырыста "Самұрық-Энерго" АҚ активтер мен өндіріс директоры,  АЭжБУ-дың құрметті профессоры  Тютебаев  Серик Суйенбекович құттықтау сөзін алып, ойын «Алматы ЖЭЦ 2-ні газға ауытыру» атты баяндамасымен жалғастырды. ЖЭЦ 2-ні жаңалаудың бірнеше тәсілі қарастырылып, ең тиімдісі таңдалды. Алдағы уақытты сол бойынша жұмыстар жүргізіледі.

«Жасыл Академия» ғылыми білім беру орталығының басшысы, э.ғ.д., профессор  Есекина Бахыт Камалбековнаның баяндамасы «ҚР ОЭК декарбонизация бағыты» деп аталды. Қазақстан жылу энергетика кешендерін көміртексіздендіруге қатысты негізгі бағыттары, «жасыл» технологияны дамыту, көміртекті сақтау технологиясын енгізу сынды мәселелері аталып өтті.

«Қазақтелеком»  АҚ Басқарма төрағасы Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің телекоммуникация және байланыс саласы бойынша білікті мамандар даярлап шығаратын ЖОО екендігіне ерекше назар аударды және білім ордасына болашақта биік белестерді бағындыруына тілекші екенін айтты.

«Казэнергопрофсоюз» төрағасы,  АЭжБУ-дың құрметті профессоры  Бекбас Оразбек Тельбаевичтің «Энергетикалық өндірістердегі кәсіподақтардың қызметі» атты баяндамасында еліміздегі энергетика саласында қызмет етіп жүрген азаматтардың жалақысы, қауіпсіздігі сынды маңызды мәселелер аталған.

Сонымен қатар, пленарлық отырыста Қазақстан электроэнергетика ассоциациясының төрағасы  Куанышбаев Аскербек Досаевичті «АЭжБУ-дың құрметті профессоры» атағымен марапаттау рәсімі өтті.

Куанышбаев Аскербек Досаевич Алма-Ата энергетика институтының алғашқы түлектерінің бірі, "KEGOC" АҚ "Алматинские МЭС" бөлімшесінде және "KEGOC" АҚ атқару дирекциясында қызмет атқарған. Сондай-ақ, 30-дан аса ғылыми мақалалар, есептер мен методикалық сілтемелердің авторы.

Университеттің есебінен 10 баяндаманы, яғни, әр бөлімнен 1 баяндамадан «Вестник АУЭС» №4 (51) журналына жариялау туралы шешім қабылданды.

ENERGO UNIVERSITY