Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да 15 қазан күні Erasmus Day 2020 аясында бизнес-идеялар конкурсы өтті!

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да 15 қазан күні Erasmus Day 2020 аясында бизнес-идеялар конкурсы өтті!


15.10.2020 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да 15 қазан күні Erasmus Day 2020 аясында бизнес-идеялар конкурсы өтті!

Конкурсқа АЭжБУ, UIB және АЭжБУ колледжінің студенттері қатысты, қазылар алқасының құрамында М.Б. Алиярова - Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің директоры, Г.К. Балбаев– Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институтының директоры, К.А. Алипбаев– Ғарыштық инженерия кафедрасының меңгерушісі, Е.С. Умбетов – Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының меңгерушісі, М.С. Салыкова– Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының доценті,       Р.К. Сатова - Біліктілікті арттыру институтының директоры Д. Муттаков - "ИТП" ДКҚ Маркетинг және даму департаментінің менеджері болды.   

Құттықтау сөз Швеция, Стокгольм Корольдік технологиялық институтының (KTИ) профессоры Huaan Fan-ға берілді.

Конкурс нәтижелері бойынша:

1-орын – Ерсін Рахымжан, Есенабат Нарқыз, Жандос Рахметұлы атынан «AUDAR» биснес-идеясы.

2-орын  –Айдана Мадимарова, Ақбота Елемесовадан  «Уют» бизнес идеясы және Азамат Мұсабаев пен Данияр Нұрбергенов атынан 3D IPM (Infinity printing modification).

3-орын –Гульзада Тохтахуновадан «Создание теплиц с минимальными затратами и максимальной прибылью» бизнес-идеясы, Саят Ахмеджанов, Нұртілек Сағынбаев, Еркебұлан Нұрғизат атынан «#Berik_bol» бизнес идеясы және Мариям Әбілдә атынан «MQ style» «Ең шығармашылық жоба» - бизнес-идеясына гран-при номинациясы.  

ENERGO UNIVERSITY