05.11.2020 Барлық жаңалықтар
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалі болып өтті
Тіл білімдері кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 2, 3 қараша күндері Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері арасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалінің І кезеңі (іріктеу кезеңі) Google Meet meet.google.com/jcz-zhmi-bcd платформасында өтті. «Абай өлеңдері», «Абайдың қара сөздері», «Абай әндері», «Абай – әлем тілдерінде», «Абай әлемі» сурет өнерінде» байқаулары бойынша барлығы 65 үміткер қатысты.
«Абай өлеңдері» байқауы барысында үміткерлер Хәкім Абайдың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Үміткерлердің өнерін бағалауда сахналық мәдениетіне, оқу шеберлігіне және сөз мағынасына мән беріліп, ақынның қанша өлеңін жатқа білетіндігі де ескеріле келе, жүлделі І орынды РЭТк-20-6 тобының студенті Бекайдар Тоқтар, ІІ орынды ЭЭк-20-10 тобының студенті Аружан Нүкен, ІІ орынды СИБ-20-4 тобының студенті Мағжан Алпамыс, ІІІ орынды РЭТк-20-1 тобының студенті Илина Жалын, ІІІ орынды ПСк-20-6 тобының студенті Дария Ертаева иеленді.
«Абайдың қара сөздері» байқауы бойынша І орынға ИСк -20-1 тобының студенті Асия Тлеуова, ІІ орынға АУк-20-3 тобының студенті Адил Муфтахи, ІІІ орынға ПСк-20-6 тобының студенті Анель Иманмадиева ие болды. Байқау барысында үміткерлер Абайдың қара сөздерін жатқа мазмұндап, талдап берді. Үміткердің өнерін бағалауда сөйлеу мәдениеті, қара сөздегі философиялық ой-тұжырымды түсіну деңгейі ескерілді.
«Абай әндері» байқауы бойынша І орынды ИСк-20-1 тобының студенті Садық Сағыныш, ІІ орынды КТТк-20-1 тобының студенті Мерей Тлеуғали, ІІІ орынды ПСк-20-6 тобының студенті Әсем Қуанышбек иеленді. Үміткерлер Абай әндерін жанды дауыста нақышына келтіріп орындады. Үміткерлердің өнерін бағалауда орындаушылық шеберлігі, сахналық келбеті ескерілді.
«Абай – әлем тілдерінде» байқауы бойынша І орынға ЭЭк-20-8 тобының студенті Еркін Зәулім, ІІ орынға КИк-20-1 тобының студенті Зейнеп Мәртай, ІІІ орынға ЭЭк-20-2 тобының студенті Алдияр Айсанов ие болды. Байқау барысында үміткерлер Абайдың шығармаларын (өлеңдерін, қара сөздерін) қытай, ағылшын, орыс тілдерінде оқыды.
«Абай әлемі» сурет өнерінде» байқауы бойынша І орынды АУк-20-14 тобының студенті Ақжүніс Бөкенбаева, ІІ орынды АУк-20-13 тобының студенті Гүлназ Мансур, ІІ орынды РЭТк-20-6 тобының студенті Арина Шантимисова, ІІІ орынды ЭЭк-20-10 тобының студенті Аружан Нүкен, ІІІ орынды ПСк-20-6 тобының студенті Айдын Фазылкаримов, ІІІ орынды РЭТк-20-6 тобының студенті Інжумаржан Қанибек иеленді. «Қылқалам шеберлері» номинациясына АУк-20-3 тобының студенті Мадияр Баскынбаев, ЭЭк-20-19 тобының студенті Ғазиза Сейілхан ие болды. Байқау Абайдың шығармашылығы желісі негізіндегі қылқалам шеберлерінің көркемсурет туындылары бойынша жүргізілді. Байқау барысында үміткерлер Абай шығармаларының философиялық мазмұнын көркемсурет арқылы жеткізе білді.
Қазылар мүшелері белсенді қатысқан студенттерге ризашылығын білдіріп, жеңімпаздарды құттықтады. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қазылар алқасының шешімімен, іріктеу кезеңінің әрбір номинациясы бойынша жеңімпаздар «Абай өлеңдері» байқауы бойынша жүлделі І орынды иеленген РЭТк-20-6 тобының студенті Бекайдар Тоқтар, «Абайдың қара сөздері» байқауы бойынша І орынға ие болған ИСк-20-1 тобының студенті Асия Тлеуова, «Абай әндері» байқауы бойынша І орынды иеленген ИСк-20-1 тобының студенті Сағыныш Садық, «Абай – әлем тілдерінде» байқауы бойынша І орынға ие болған ЭЭк-20-8 тобының студенті Зәулім Еркін, «Абай әлемі» сурет өнерінде» байқауы бойынша І орынды АУк-20-14 тобының студенті Ақжүніс Бөкенбаева 2020 жылдың 4-5 желтоқсан күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн режимінде өтетін «Абай әлемі» жалпыұлттық студенттік өнер фестивалінің ақтық кезеңіне қатысуға жолдама алды.