Болашақ энергетиктер арасында физика-математика пәндері бойынша республикалық олимпиада қорытындылары

Болашақ энергетиктер арасында физика-математика пәндері  бойынша республикалық олимпиада қорытындылары


10.11.2020 Барлық жаңалықтар


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2020 жылдың 5-6 қарашасында online форматында  «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамымен бірлесіп болашақ энергетиктер арасында физика-математикалық пәндер бойынша Республикалық олимпиаданы  «Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламаларының  2-3 курс студенттері «Электр техникасының теориялық негіздері», «Жылу техникасының теориялық негіздері» пәндерінен және  бітіруші сынып оқушылары арасында  «Физика», «Математика» пәндерінен өткізді.

Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша 170 қатысушылар қатысты. Олимпиада әр пән бойынша бекітілген регламентке сай жүргізілді.

Жүлдегерлердің тізімі:

«Жылу техникасының теориялық негіздері»

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ Подымский Кирилл 1 орын
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Чекаев Бексултан 2 орын
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ Сатымгалиева Молдир 3 орын
Шәкәрім университеті Мануленко Антон 4 орын

«Электр техникасының теориялық негіздері»

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ Серікалиұлы Айбек 1 орын
М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Әбілғазин Ерік Нұрғазыұлы 2 орын
Satbayev University Құралбек Мейіржан Нұржанұлы 3 орын
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ Манатов Қанат Азатұлы 4 орын

Математика пәнінен

«Кокпекті орта жалпы білім беру мектебі» КММ Штабель Анастасия Сергеевна  1 орын
«Зияткер арнайы мектеп-интернат» КММ Лебедко Никита Алексеевич 2 орын
«№49 жалпы білім беру мектебі» Сагитова Айша Абаевна 3 орын

Физика пәнінен

 «№173 мектеп -лицей» КММ Бақытұлы Бекжан Бақытұлы 1 орын
«№166 лицей» КММ Халматай Нурбек Қасымұлы 2 орын

«№ 11 мектеп -лицей» КММ

Карнаухов Сергей Олегович 3 орын