30.11.2020 Барлық жаңалықтар
Ақпараттық технологиялар институтының оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушыларын, сондай-ақ қазіргі таңдағы сұранысқа ие, ең қажетті мамандыққа қатысы бар барлық тұлғаларды кәсіби мереке – Халықаралық ақпаратты қорғау күнімен құттықтаймыз!
Сіздерге нұрлы ақыл, сарқылмас шабыт, кәсіпке адалдық пен батылдық тілейміз. Әр бастамаларыңыз жеңіспей аяқталып, әр қадамдарыңыз сәттілікке бағытталсын!
Жыл сайын 30 қарашада Халықаралық ақпаратты қорғау күні тойланады. Бұл күн бекер таңдалмады, себебі 1988 жылы дәл осы күні ең алғашқы жаппай кибершабуыл жасалған болатын.
Корнелл университетінің (АҚШ) аспиранты Роберт Моррис (Robert Morris) жасаған алғашқы желілік құрттардың бірі АҚШ-тағы ARPANET желісінің түйінінің (қазіргі Интернеттің прототипі) 6 мың жұмысын тоқтатты.
Кейінірек зиянкес "Моррис құрты" деп аталды, ал желіні пайдаланушылар алғаш рет компьютерлерінде сақталған деректердің осалдығы туралы ойланды. Киберқауіпсіздік мәселесіне назар аудару мақсатында Есептеу техникасы қауымдастығы (Association for Computing Machinery) Халықаралық ақпаратты қорғау күнін белгіледі.
Ақпараттық технологиялар институтының дирекциясы