07.12.2020 Барлық жаңалықтар
2020 жылдың 4 желтоқсанында АЭжБУ Біліктілікті арттыру институтының директоры э.ғ.д., профессор Раушан Құлмағамбетқызы Сатова Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің негізін қалаушы академик З.Алдамжарды еске алуға арналған «Жоғары білім беру жүйесін роботтандыру» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «Ашық білім беру тұжырымдамасының мәні мен болашағы» тақырыбында пленарлық баяндама жасады.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Литва, Чехия, Түркия және Қырғызстанның жоғары оқу орындары қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша материалдар шығарылады.