10 желтоқсанда студенттермен кездесуде қойылған сұрақтар

10 желтоқсанда студенттермен кездесуде қойылған сұрақтар


11.12.2020 Барлық жаңалықтар


1.Күндізгі оқу қашан басталады?

Эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарса, 2021 жылы 1 ақпаннан бастаймыз деген үмітіміз бар.

2.Сессия тоқтатылады ма ?

Жоқ. Емтихан бағасының үлесі пән бойынша жалпы бағаның 40%-ын ғана құрайтынын еске саламыз, ал негізгі үлестің 60%-ын сіздің семестр ішінде алған барлық бағаларыңыз бен аралық бақылауларыңызды қамтитын рұқсат беру рейтингісінің бағасы құрайды. Емтихан -  бақылау нысаны ретінде білім беру процесінің міндетті элементі, сондықтан АЭжБУ-да емтихан сессиясы бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес өтеді.

3.Коллоквиум бағаларын алып тастайды ма?

Егер сіз коллоквиумды техникалық қиындықсыз тапсырған болсаңыз, онда жоқ – сұрақтарға қалай жауап берсеңіз, соған лайықты бағаңызды аласыз. Егер интернет немесе басқа проблемалар болса және сіз коллоквиумды тапсыра алмасаңыз, оқытушы сізге коллоквиумды қайта тағайындайды.

Коллоквиум техникалық проблемаларсыз өткізілген жағдайда коллоквиумның бағасы ағымдағы баға ретінде қойылады. Әйтпесе, коллоквиум келесі аптада жойылады.

4.Прокторинг тоқтатылады ма?

Жоқ.

5.Прокорингтегі жеке мәліметтердің 100% қорғалуын қамтамасыз етесіз бе?

Прокторинг сіздің жеке деректеріңізді көре алмайды, өйткені тестілеу кезінде сіздің "құпия" бағдарламаларыңыздан ештеңе іске қосылмауы немесе қойындылар ашық болмауы керек. Айтпақшы, ойланыңызшы, сіз Windows-ты пайдалана отырып, оларға неге мұндай сұрақ қоймайсыз?

6.Біздің студенттер жасаған петицияны көрдіңіз бе? Ол туралы не олайсыз?

Иә, ол туралы АЭжБУ ресми сайтында толық жауап берілді: https://aues.edu.kz/ru/post/one?id=599&index_page=1

7.Рк2 бір пәнін тапсыруға бір күн беріледі ме?

Одан әлдеқайда ұзақ – бір апта.

8.Емтиханға қабылдау рейтингі бойынша баға қою мүмкіндігі бар ма?

Жоқ. Жауапты оқыңыз: https://aues.edu.kz/ru/post/one?id=599&index_page=1

9.Платонуспен техникалық қиындықтар туындаса не істейміз?

АЭжБУ сайтында жарияланған академиялық саясатқа сәйкес әрекет етесіз (өтініш).

10.Тестілеуді тапсыру уақытын 40 минуттан бір сағатқа дейін арттыру мүмкіндігі бар ма?

Иә. Тестілеуге 40 сұраққа 60 минут (1 сағат) беріледі.

 

 

ENERGO UNIVERSITY