Сіздерді жалпыұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді жалпыұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!


14.12.2020 Барлық жаңалықтар


Құрметті әріптестер, қымбатты студенттер, магистранттар мен докторанттар!

Сіздерді жалпыұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ел тарихындағы тағдыршешті күн – 16 желтоқсан бәріміз үшін мемлекетіміздің егеменді даму дәуірінің басталуының нышаны болып табылады. Біз өзіміз үшін осы жолды таңдап, патриотизмнің, бостандық пен демократияның құндылықтарын таңдадық, олар бүгінгі күні де мемлекетіміздің дамуын айқындайды. Өткен жолды бағалай отырып, біз өзіміздің тәуелсіз мемлекетімізді құру туралы ұлы бабаларымыздың арманын жүзеге асырдық деп айта аламыз. Сондықтан біздің әрқайсымыздың жүрегімізде Ұлт Көшбасшысының "Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық" деген сөздері ерекше орын алады. Президент таңдаған ел дамуының саяси, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси үлгісі өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Бүгінде Тәуелсіз Қазақстан өркениетті әлемнің ажырамас бөлігі болып табылады және әлемдегі бәсекеге қабілетті алғашқы 50 елдің қатарына кіреді. Елдегі өзгерістер барлық қазақстандықтардың мықты, серпінді дамып келе жатқан, бәсекеге қабілетті және халықаралық беделге ие мемлекетіміздің болашағына деген оптимизмі мен сенімін оятады. Бүгінгі таңда біз Қазақстанның қауіпсіздік, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық, білім және ғылым саласындағы халықаралық қоғамдастықпен интеграцияға ұмтылысын айғақтайтын шын мәніндегі тарихи оқиғалардың куәсі болып отырмыз. Білім және ғылым жүйесінде жүргізіліп жатқан түбегейлі өзгерістер олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін басымдығын айғақтайды.

Барлық қазақстандықтармен бірге біз осы жылдардың жетістіктерін мақтан етуге құқылымыз. Биылғы 2020 жыл біз үшін ерекше жыл – университеттің құрылғанына 45 жыл толуын атап өту жылы болып табылады. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті құрылғаннан бері Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің көшбасшыларының бірі болды. Біздің университет ғылыми және рухани ізденістердің алдыңғы қатарында. Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ жоғары мектепті әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау процесіндегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі деп атауға болады. Мерейтойды мерекелеу университеттің инновациялық дамуындағы жаңа кезең, ұжымның жаңа биіктерге жетуіне қуатты серпін береді.

Құрметті достар! Университет мақтанышын құрайтын барлық құндылықтар сіздердің еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз, ақылдарыңыз бен  таланттарыңыздың жиынтығы. Біздің жетістіктеріміз бізге жаңа күш береді. Және де олар еліміздің өркендеуі мен қазақстандық білім мен ғылымның ілгерілеуі жолындағы жаңа істермен одан әрі нығайтылатын болады.

Қымбатты достар, сіздерге бейбітшілік пен жақсылық тілеймін! Біздің барлық бастамаларымыз табысты, нәтижелі, болашақ ұрпақтың игілігі үшін, Отанымыздың игілігі үшін болсын!

Құрметпен,

Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры,  профессор Сауле Сагинтаева

ENERGO UNIVERSITY