ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЕЛІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЕЛІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ


14.12.2020 Барлық жаңалықтар


ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЕЛІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ

Тәуелсіздік Күніне орай 1-курстың ЭЭк-20-1, 2, 3, 6 және РЭТк-20-6, ПСк-20-2 топтарының ішінде «Қазақ диаспорасы: тарихы және бүгінгі жайы» тақырыбында брейн-ринг ұйымдастырылды.

Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауымен мемлекет басшылығының назарындағы келелі мәселенің бірі – өзге мемлекеттердегі қазақ диаспорасымен тығыз әрі жан-жақты байланыс орнату. Түрлі тарихи жағдайлар мен кезеңдерде әлемнің түкпір-түкпіріне шашырап, диаспора атанған «қандастарымызбен» байланыс – Қазақстанның халықаралық қызметіндегі басты бағыттардың бірі саналады.

Өзінің аумағының көлемі жағынан әлемде топ-10 мемлекеттің қатарына кіріп, 1 кв.км жерге 7 адамнан келетін (мәселен, Өзбекстанда – 73 адам) біздің мемлекет үшін мәселенің өзектілігі анық.

Жалпы қазақ халқы жаңалыққа құштар, икемшіл халық екені аян. Қазақ диаспорасы өкілдері де өздерінің екінші отандарының тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін, ереже-қағидаларын қабылдап, соған бейімделгеніне қарамастан, өздерінің ана тілі мен мәдениетін барынша сақтауға тырысып, ұрпақтарына мұра етуімен ерекшеленеді.

Шетелдегі қазақ диаспорасының өміршеңдігі мәселесі «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасына енген, сондай-ақ семестрлік жұмыс тақырыптары және мемлекеттік емтихан сұрақтарының ішінде.

Брейн-ринг барысында әр оқу тобы өз ішінде 3 топқа бөлініп, әрқайсысы мына үш кезеңнің талаптарын орындады:

1. Топқа қойылатын сұрақ (әр топқа 4 сұрақтан). Сұрақтарға топтар кезек-кезек жауап берді, егер топ жауап бере алмаса, жауап беру құқығы қарсыластарына берілді.

2. Топтардың бір-біріне сұрақ қоюы.

3. Топ көшбасшысына қойылатын сұрақ.

Қазақ диаспорасына қатысты түрлі сипаттағы сұрақтар қарастырылды. Мәселен, қазақ диаспорасының қалыптасу кезеңдері, соған түрткі болған тарихи жағдайлар, тарихи оқиғалар мен құбылыстар, сыртта жүріп өз ата-мекендерінің беделін асқақтатып жүрген қазақ диаспорасының алғашқы және кейінгі толқынының ұрпақтары Мұстафа Өзтүрік, Хасен Оралтай, Әбдуақап Қара, Наталья Аринбасарова, Аман Тулеев, Марат Бисенгалиев, Алмаз Шарман, Дина Аманжолова, т.б. туралы сұрақтар болды.

Студенттеріміз осы мәселелер бойынша өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, тақырыптың өзектілігі, еліміздің өз қандастарына қатысты саясатының Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы тартымдылығы мен беделіне ықпал ететіндігі, жалпы демографиялық ахуал өткір тұрған еліміз үшін сырттағы бес миллионнан астам қазақ диаспорасын елге қайтарудың жолдары, Батыс елдеріндегі қазақтар үшін Қазақстанды тартымды ету, т.б. туралы өз ойларымен бөлісті.

Іс-шараның онлайн режимінде өтуі себепті, студенттердің шынайы дайындығы мен шапшаңдығын анықтау үшін жауап беруге 5 секунд қана уақыт берілді.

Шара барысы мен қорытындысы университетімізде алғыр да сауатты, өз ой-пікірі мен ұсынысы бар, заманауи қоғамдық-тарихи мәселелерге шынайы қызығушылық танытатын  жастарымыздың аз еместігін көрсетті.

Төменде сол шаралардан фрагменттерді ұсынамыз.

https://drive.google.com/file/d/16qrXS7IvpQ-e1XHRpsElZJarF4J_c_M9/view?usp=sharing

Әлеуметтік пәндер кафедрасының

доценті, т.ғ.к. С.Х. Байдильдина

 

 

 

 

ENERGO UNIVERSITY