Жұбаныш Сұйнұллаұлының Qazaqstan TV-ға берген сұхбаты

Жұбаныш Сұйнұллаұлының Qazaqstan TV-ға берген сұхбаты


21.12.2020 Барлық жаңалықтар


Қазақстан энергетиктері күніне орай, нақтырақ айтқанда, еліміздегі электрлендіру жоспарының 100 жылдығына орай, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, электр энергетика және электр техника институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент - Жұбаныш Сұйнұллаұлы Qazaqstan TV арнасына сұхбат берді.

Желтоқсанның 21 күні, «Таңшолпан» таңғы бағдарламасына арнайы қонақ болып қайтқан Жұбаныш Сұйнұллаұлы еліміздегі энергетика саласы жайында, атап айтқанда:

-      Бүгінгі таңда техника мен технология қарыштап дамуда. Әр салада елеулі өзгерістер болып жатыр. Ал, энергетика саласында әлемде және елімізде қандай жаңалықтар болып жатыр; 

-      Энергетика кез-келген елдің дамуында аса маңызды рөл атқарады.  Қазіргі уақытта біздің елімізде бұл салада шешімін табуы керек дейтін өзекті мәселелер;

-      Энергетика саласында маман дайындауда қандай стратегиялық бағыттарға басымдық берілуі тиіс;

-      Онлайн оқу: қиындықтары мен артықшылықтары;

-      Бүкіл саналы ғұмырын энергетика саласына арнаған тәжірибелі маман ретінде Жұбаныш Сұйнұллаұлының  талапкерлерге берген кеңесі мен тілегі, сынды бірқатар мәселелерді талқылап, осыған қатысты сұрақтарға жауап берді.

Толығырақ сілтеме бойынша.

 

 

ENERGO UNIVERSITY