Айнұр Серікбайқызы Бегімбетова мен Әлия Уәлиқызы Калижанованы "ЖОО үздік оқытушысы - 2020" байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз

Айнұр Серікбайқызы Бегімбетова мен Әлия Уәлиқызы Калижанованы


23.01.2021 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің өкілдері «ЖОО үздік оқытушысы – 2020» құрметті атағына ие болды:

ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Әлия Уәлиқызы Қалижанова;

PhD, доцент Айнұр Серікбайқызы Бегімбетова.

Оқытушылардың қызметі екі блоктан тұратын үміткерлердің жұмысын бағалаудың өзекті сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды: I блок – оқыту сапасы, II блок – ғылыми-зерттеу қызметі.

Конкурс жеңімпаздарына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі.

«ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегерлерін жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және ғылыми және білім беру қызметінде одан әрі табыстар тілейміз!

(байқау нәтижелерімен ҚР БҒМ сайтында танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/150450?lang=ru)

 

 

ENERGO UNIVERSITY