01.02.2021 Барлық жаңалықтар
2021 жылдың 26 қаңтарында сағат 15.00-де Google Meet платформасында «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі және қашықтықтан оқыту сапасы» тақырыбында ВЕБИНАР өтті. Іс-шараны АЭжБУ БАИ ұйымдастырды.
Спикерлер:
Назим Лапытаев - Қазақстанда, Орталық Азия мен Моңғолияда Kaspersky Lab бизнесті дамыту жөніндегі менеджер:
Қашықтықтан білім беру мен ақпараттық қауіпсіздік сервистерінің бірлігі
Светлана Николаевна Котенкова – «Білім берудің озық технологиялары» институтының директоры, Қазан Федералдық университеті, э.ғ.к., доцент:
Электрондық оқыту мен қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану: Қазан университетінің кейсі
Татьяна Александровна Шиндина – қашықтықтан және қосымша білім беру институтының директоры, «МЭИ» Ұлттық зерттеу университеті, э.ғ.д., доцент:
Білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану тәжірибесі.
Андрей Викторович Кривенков - Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетінің қашықтықтан білім беруді дамыту орталығы бастығының орынбасары:
COVID-19 пандемиясы кезеңінде БГУИР-де қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану.
Арман Сократұлы Нәсір - Қазақ-Британ университетінің докторанты:
Қашықтықтан білім берудегі құзыреттілік тәсіл.
Вебинарда келесі бағыттар талқыланды:
- Қашықтықтан білім беруді дамытудың үрдістері мен перспективалары.
- Қашықтықтан білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және оқу үрдісінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану мәселелері.
- Ашық білім беру платформаларында қолдану және оқыту процесінің ерекшеліктері.
- Қашықтықтан оқытуға арналған оқу материалдарын әзірлеу әдістемесі.
- Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, студенттерді даярлау сапасын арттыру.
Вебинар қорытындысы бойынша қашықтықтан оқыту форматының тиісті бағыттарына ұсынымдар қабылданады.