Онлайн оқытудан аралас оқыту моделіне

Онлайн оқытудан аралас оқыту моделіне


02.02.2021 Барлық жаңалықтар


Онлайн оқытудан аралас оқыту моделіне  

1 ақпанда көктемгі семестр басталды. 2-семестрде сабақтар аралас режимде оқытылады.

Оқу басталмай тұрып, студенттер екінші семестрде оқытудың жаңа форматы: оқу процесін ұйымдастыру, жатақханаға орналасу және тұру ережелері, аралас оқыту түрінде барлық курстарда дәрістер мен семинар сабақтарын өткізу форматы туралы хабардар етілген болатын.

Бүгінгі таңда өзгеріп отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, аралас оқыту түрінде барлық курстардағы барлық дәрістер мен семинарлар қашықтықтан (онлайн) өткізіледі. Зертханалық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, оффлайн режимде өтеді: жылжымалы кесте бойынша топтан тек 4 адам ғана зертханалық сабақтарға қатысу үшін ғимаратқа кіре алады, қалған студенттер онлайн қатысады.

Барлық білім алушылар үшін университет аумағында болған барлық кезең ішінде медициналық маскаларды міндетті түрде кию қарастырылған. Университет аумағына бетпердесіз келген студенттер жіберілмейді.

Басқа қаладан келген 1-курс студенттері әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін жалпы орын санының азаюын ескере отырып, жатақханадағы орындармен басым тәртіппен қамтамасыз етілген.

Әлеуметтік-гуманитарлық блок пәндері бойынша 1-курс студенттері үшін дәрістер қашықтықтан, семинар - оффлайн форматында өтеді. Физика бойынша студенттер зертханалық жұмыстарды аралас форматта орындайды (зертханаға жылжымалы ауысым кестесі бойынша бірінші курста топтың 4 студенттіне ғана рұқсат етіледі). Бірінші курс студенттері «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері», «AutoCAD, SolidWorks-та жобалау», «Компьютерлік графика негіздері» IT-бағытының пәндерін толығымен қашықтықтан оқиды.

Айта кететін жайт, екінші семестрде АЭжБУ студенттері Ақпараттық технологиялар департаментінің бағдарламашылары әзірлеген жаңа http://portal.aues.kz/ АЭжБУ порталы негізінде білім алуда. Бірінші семестрде оқыту жүргізілген «Platonus» ақпараттық жүйесінен айырмашылығы, жаңа портал келесі артықшылықтарға ие:

1) студенттер үшін де, оқытушылар үшін де ыңғайлы, интуитивті интерфейс;

2) курсқа түрлі элементтерді немесе ресурстарды (файлдар, мәтіндер, бейнефайлдар, тапсырмалар, форум, беттер, сауалнама және т.б.) қосу мүмкіндігі оқытушыға оқытудың әртүрлі технологияларын қолдануға мүмкіндік береді;

3) оқытушы тапсырманың орындалу мерзімін белгілеуге, оқу процесінің қалай жүріп жатқанын, курсқа кім барғанын және қандай ресурстармен танысқанын бақылауға мүмкіндігі бар;

4) форум арқылы студенттермен сұхбаттасу мүмкіндігі бар;

5) тапсырманы тексеру кезінде оқытушы түсініктеме беріп, студентке қайта қарауға қайтара алады, содан кейін аяқталған жұмысты бағалай алады;

6) студенттерді әр сабақтан кейін де, аралық бақылау кезеңінде де тестілеу мүмкіндігі қарастырылған;

7) барлық қойылған бағалар журналға орналастырылады және студенттер үшін қолжетімді, баға қою тарихы бар;

8) оқытушы қойылған бағалар бойынша есеп алу мүмкіндігіне ие.

Әкімшінің кең мүмкіндіктері мен құралдары бар: әр пән, семестр немесе оқу кезеңі бойынша студенттердің үлгерімін бақылау, курстарды, студенттерді, оқытушыларды және басқаларды қосу/алып тастау. Сабақтар стриминг режимінде өткізіледі. Ол үшін MicrosoftTeams қолданылады. Оқытушылар үшін порталға орналастырылатын материалдарға қойылатын талаптар әзірленген, оларға дәрістердің, бейнедәрістердің конспектісі, силлабус, зертханалық/практикалық жұмыстар, Есептеу-графикалық жұмыстар, курстық жұмыстар/жобалар бойынша тапсырмалар, білімді бақылауға арналған тесттер кіреді.

Студенттерге терең білім, ал оқытушыларға жемісті еңбек тілейміз!

 

 

 

 

 

ENERGO UNIVERSITY