2021 жылдың 9 ақпанында  онлайн режимінде университет басшылығы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ бас инженері Батыр Куанышұлы Котыревпен  және Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша ХТЖО кеңесшісі Ирина Петровна Петрунинамен кездесті

2021 жылдың 9 ақпанында  онлайн режимінде университет басшылығы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ бас инженері Батыр Куанышұлы Котыревпен  және Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша ХТЖО кеңесшісі Ирина Петровна Петрунинамен кездесті

10.02.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 9 ақпанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Біліктілікті арттыру институтының бастамасымен онлайн режимінде университет басшылығы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ бас инженері Батыр Куанышұлы Котыревпен және қалалық мәслихаттың депутаты және Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша халықаралық темір жол одағының (ХТЖО) кеңесшісі Ирина Петровна Петрунинамен кездесті.

АЭжБУ ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева құттықтау сөз сөйледі, ал университеттің ғылыми-техникалық қызметі туралы таныстырылымын  Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор Алмаз Абжалиевич  Саухимов ұсынды.

Мүдделі әңгімелесу барысында тараптар теміржол көлігі кәсіпорындарында энергия тиімділігін дамыту және энергетикалық аудитті кеңейту жөніндегі перспективалық ғылыми жобаларды іске асыру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ көпжақты әріптестік үшін тұғырнама болып табылатын ХТЖО мүшелігіне АЭжБУ-дың кіруіне байланысты жаңа бағыттарды айқындау және халықаралық жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады.

ҚТЖ мен ХТЖО өкілінің қолдауымен Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-мен Меморандумға қол қоюға дайындық туралы шешім қабылданды.