«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының 11 оқытушысы тренингтерден өтіп, Schneider Electric сертификатына ие болды

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының 11 оқытушысы тренингтерден өтіп, Schneider Electric сертификатына ие болды


24.02.2021 Барлық жаңалықтар


«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының 11 оқытушысы тренингтерден өтіп, Schneider Electric сертификатына ие болды

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетімен көпжақты ынтымақтастық аясында Schneider Electric компаниясының мамандары «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы оқытушыларының біліктілігін арттыру үшін техникалық тренингтер өткізді

Еңбек нарығының үрдістерін және әлемдік ғылым мен техника жетістіктерін ескере отырып, материалдық-техникалық базаны дамыту Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Мұндай жұмыстың айқын дәлелі Өндірістік автоматтандыру бойынша Schneider Electric құзыреттілік орталығының ашылуы болды. Орталық «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының базасында құрылған. Сонымен қатар, ол үшін өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы цифрлық шешімдерді ұсынудағы әлемдік көшбасшы Schneider Electric компаниясының заманауи автоматика құралдарымен және бағдарламалық жасақтамасымен жабдықталған арнайы 12 стенді жасалған.   

Стендтердің негізін Modicon М241 және Modicon M340 контроллері құрады. Оларды функционалды және техникалық аналогтары бойынша қолданыстағы аналогтардан асып түсетін компанияның соңғы әзірлемелеріне жатқызуға болады.

- Modicon М241 және Modicon М340 контроллері өткен жылы ғана іске қосылды. Осылайша АЭжБУ студенттері ұзақ уақыт бойы өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелерінде кеңінен қолданылатын жаңа техникада жұмыс істей отырып, білім алуға және өздерінің практикалық біліктері мен дағдыларын бекітуге мүмкіндік алады, - деп атап өтті Industrial Automation Schneider Electric департаментінің директоры Антон Цапенко. 

Оқу процесіне стендтер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сапалы әрі жылдам енгізу үшін Schneider Electric компаниясы «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған техникалық тренингтер топтамасын жоспарлап отыр. Олардың бірі – «Автоматтандыру және басқару жүйелеріне арналған Modicon М241 және Modicon М340 контроллерлерін бағдарламалау». Тренингке «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының барлық үш бөлімінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізетін кафедра оқытушылары қатысқанын атап өткен жөн.

Техникалық тренинг қорытындысы бойынша «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының 11 оқытушысы Schneider Electric сертификатына ие болды: профессор, техника ғылымдарының кандидаты Акшолпан Копесбаева, доценттер, PhD докторлары Гульмира Базил және Ербол Оракбаев, аға оқытушылар Лариса Рудакова, Асем Ибрашева, Елена Ким, Нұрғазы Қалышев, Гүлмира Искакова, Жанар Лукманова, оқытушылар Индира Қалышева және Асемай Қуанышбаева.

 «Schneider Electric құзыреттілік орталығының дамуына белсенді ынтымақтастығы және елеулі үлесі үшін» алғыс хатын компания басшылығы «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, доцент, техника ғылымдарының кандидаты Игорь Федоренкоға табыс етті.

Бұның өзі Schneider Electric компаниясынан келесі техникалық тренингтер жоспарланған деуге болады.

"Автоматтандыру және басқару" кафедрасы

 

ENERGO UNIVERSITY