Студенттер арасында «Хан Тәңірі» ансамбліне іріктеу кастингі өтті

Студенттер арасында «Хан Тәңірі» ансамбліне іріктеу кастингі өтті


12.02.2020 Барлық жаңалықтар


Университетімізде 2020 жылдың 29 қаңтарында сағат 12:00 ден 15:00-ге дейін Д101 аудиториясында домбырашыларға арналған кастинг өткізілді.

Домбырашылар ансамбліне іріктеу кастингі – ол біздің университетімізде білім алатын және күмбірлете күй шерте білетін, оған қоса, университеттік домбырашылар ансамбілінің мүшесі болуға ынтасы бар талантты студенттерімізге арналған байқау.

Көптің сұрауымен ұйымдастырылған кастинг қатал, бірақ барынша әділ түрде өткізілді. Әділ қазылар алқасы қатарында 3 адам болды.

Олар:

Алматы энергетика және байланыс  университетінің жанынан  сабақтан тыс уақытта студенттерді ұлттық өнерге баулу үшін құрылған домбырашылар ансамблінің оқытушы мұғалімі – Күмісбек Бауыржан Бақытұлы және де талантты үшінші курс студенттері – Шаймардан Асет, Абдували Нурлан.

Кастингте домбырада ойнау қабілеттері жоғары әрі ұлттық өнердің дәрежесін асқақтатуға дайын ең үздік студенттер іріктеліп алынды.

ENERGO UNIVERSITY