10.03.2021 Барлық жаңалықтар
БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН КӨПҰЛТТЫ ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан Халықтары Ассамблеясының құрылуына 26 жыл толуына орай, әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушылары А.Ә. Әбдіқалық пен А.З. Бисенованың ұйымдастыруымен № 3 жатақханада 2021 жылдың 5 ші наурызында ВТк-20-1, РЭТк-20-1, ЭЭк-20-1, СИБк19-1 тобының студенттерінің қатысуымен, «Бірлігі жарасқан көпұлтты Қазақстан» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Студенттер белсенді түрде қатысып, баяндамалар жасалды. Тақырыпты нақты деректі мысалдармен, жан-жақты талқылап, еліміздегі саяси тұрақтылықты сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны мен рөлі туралы көзқарастарын білдіріп, пікір алмасулар болды. Сонымен қатар, еліміздегі ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтуды жүзеге асырудағы қызмет барысы талданды. Бүгінде еліміз ұлт пен этнос арасында игілікті істерге ұйтқы болуымен әлемге танылып отыр. Бұл тәжірибе әлемнің көптеген елдеріне үлгі болып табылады.
Алия БИСЕНОВА
ӘП кафедрасының аға оқытушысы