Алматы электр станциялары» АҚ-да ЖЭЖТИ оқытушыларының тағылымдамасы

Алматы электр станциялары» АҚ-да ЖЭЖТИ оқытушыларының тағылымдамасы


12.02.2020 Барлық жаңалықтар


2020 жылдың 7 ақпанында «Алматы электр станциялары» АҚ 2020 жылдың 6-17 қаңтары аралығында өндірістік тағылымдамадан өткен Жылу энергетика және жылу техника институтының «Жылу энергетикалық қондырғылар», «Өнеркәсіптік жылу энергетика», «Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экологиялар», «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедраларының 15 оқытушыларына сертификаттар берілді.

Мұндай тағылымдамалар оқытушыларға заманауи өнеркәсіптің қажеттілігін жақсы түсінуге және өндіріс туралы өзекті білімді басшылыққа ала отырып, жас мамандарды даярлауды жүзеге асыруға көмектеседі.

ENERGO UNIVERSITY