2021 жылдың 17 наурызында Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Диссертациялық кеңесінде 6D071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша Аяулым Конусбековна Яманбекова мен Ұлтуар Каирбулатовна Жалмагамбетова докторлық диссертацияларын қорғады

2021 жылдың 17 наурызында Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Диссертациялық кеңесінде 6D071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша Аяулым Конусбековна Яманбекова мен Ұлтуар Каирбулатовна Жалмагамбетова докторлық диссертацияларын қорғады


19.03.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 17 наурызында Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Диссертациялық кеңесінде 6D071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша Аяулым Конусбековна Яманбекова мен Ұлтуар Каирбулатовна Жалмагамбетова докторлық диссертацияларын қорғады

2021 жылдың 17 наурызында сағат 14:00-де Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Диссертациялық кеңесінде 6D071700-Жылу энергетикасы мамандығы бойынша Аяулым Конусбековна Яманбекованың «Екі отындық ауа форсункасы бар ықшам жылу генераторын әзірлеу және зерттеу» тақырыбы бойынша қорғауы өтті.

Диссертация Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Менеджмент және кәсіпкерлік инженерия кафедрасында орындалған.

Ресми рецензенттер:

1. Қалқаман Айтбайұлы Сүлейменов – техника ғылымдарының докторы, Назарбаев Университет Таза көмір технологиялары зертханасының меңгерушісі;

2. Михаил Григорьевич Жұмағұлов – Философия докторы (PhD), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Жылу энергетикасы кафедрасының  қауымдастырылған профессоры.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Абай Мухамедиярович Достияров – техника ғылымдарының докторы, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының профессоры (Қазақстан, Алматы қ .);

2. Ангел Костадинов Терзиев – ғылым докторы, София техникалық университетінің энергетика факультетінің доценті (Болгария, София қ.).

 

Сол күні, сағат 16:00-де 6D071700-Жылу энергетикасы мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ұлтуар Каирбулатқызы Жалмағамбетова «Оқшауланған кентті энергияның әртүрлі түрлерімен қамтамасыз ету технологиясы (қолайлы құны бойынша)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Диссертация Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасында орындалды.

Ресми рецензенттер:

1. Қалқаман Айтбайұлы Сүлейменов – техника ғылымдарының докторы, Назарбаев Университет профессоры;

2. Михаил Григорьевич Жұмағұлов – философия докторы (PhD, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Жылу энергетикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Бірлесбек Қаниұлы Алияров – техника ғылымдарының докторы, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс Университеті Жылу энергетикалық қондырғылары кафедрасының профессоры (Қазақстан, Алматы қ .);

2. Александр Романович Богомолов – техника ғылымдарының докторы, «Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті» жоғары білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің (РФ, Кемерово) Жылу энергетикасы кафедрасының меңгерушісі.

https://www.gov.kz/memleket/entities/control/documents/details/134698?lang=ru

ENERGO UNIVERSITY