Студенттік активтің университет басшылығымен кездесуі

Студенттік активтің университет басшылығымен кездесуі


05.04.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 2 сәуірінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті басшылығының студенттік активпен онлайн-кездесуі өтті. Кездесудің модераторы АЭжБУ Жастар саясаты департаментінің директоры Зарема Альфредовна Абдуллина болды.

Дәстүрлі түрде онлайн алаңда студенттік актив, оқу топтарының старосталары және сұрақтар қоюға ниет білдірген барлық студенттер жиналды. АЭжБУ тарапынан кездесуді Академиялық қызмет жөніндегі проректор Сергей Владимирович Коньшин, Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Серік Қапанұлы Махмұтов, Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор Алмаз Абжалиевич Саухимов қолдады. Студенттер институт директорлары мен кафедра меңгерушілеріне тікелей сұрақ қоя алды. Кездесуге барлығы 100-ден астам адам жиналды.

Онлайн кездесу Академиялық қызмет жөніндегі проректор                                       С.В. Коньшиннің Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 27.03.2021 ж. № 12, атап айтқанда жоғары оқу орындарының студенттерін қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру туралы баяндамасынан басталды. Ағымдағы оқу жылының соңына дейін университет толығымен онлайн оқуға көшті.

АЭжБУ-дың дайындалған IT-инфрақұрылымы бір жыл ішінде Ақпараттық технологиялар департаментінің жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бөліміне өзінің ақпараттық-білім беру платформасын әзірлеуге мүмкіндік берді. Семестрдің соңында студенттер емтихандарды жаңа порталда тапсыра алады және жаңа оқу жылында университет Platonus білім беру алаңынан толықтай бас тартуға ниетті.

Өз сөзінде Сергей Владимирович қашықтықтан білім беру қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. ЕLearning Industry деректері бойынша 2001 және 2017 жылдар аралығындағы кезеңде ғана электрондық білім беру шешімдерінің нарығы 900% өсті және карантиндік шаралар жойылғаннан кейін университеттер қашықтықтан  оқыту форматынан бас тартпайды, керісінше, алдағы жылдары қашықтықтан оқытуға арналған ақпараттық-білім беру платформалары пайда болады.

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Серік Қапанұлы Махмұтов университеттің жатақханаларында тұратын басқа қалалардан келген студенттер үйлеріне қайтпай, санитариялық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып, өз қалауы бойынша оқуын жалғастыра алатынын атап өтті.

ЖСД директорының орынбасары Мансур Каирович Қаракесов Алматы қаласында короновирустық инфекцияға қарсы жаппай тегін вакциналау басталғанын, бұл, әрине, эпидемиялық жағдайды жақсартатынын айтты.

Кездесу барысында студенттер оқу үдерісіне қатысты толғандыратын сұрақтарды тікелей айта алды. Оларды білім беру гранттарын тағайындау, стипендия төлеу туралы сұрақтар қызықтырды. Студенттер сессия қашықтықтан қай платформада өтетіндігіне қатысты да сұрап,  университеттің техникалық жабдықталуы туралы да сөз қозғады. Қаладан тыс жерлерден келген студенттер тарапынан оқыту үдерісі бойынша сұрақтар қойылды, атап айтқанда: зертханалық жұмыстар және есептеу-графикалық жұмыстарды тексерудің өту барысы туралы.

ЖСД директоры Зарема Альфредовна Абдуллина студенттерге АЭжБУ студентінің ар-намыс кодексін және Академиялық адалдық саясатын сақтау қажеттілігі туралы еске салып, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарауды сұрады, атап айтқанда: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, тапсырмаларды уақытында орындау, оқытудың қосымша сағаттарын белсенді пайдалану, желіде қарым-қатынас ережелерін сақтау, визуалды және сөйлеу этикетін сақтау.

Тікелей эфирден кейін онлайн кездесу барысында студенттерден келіп түскен барлық сұрақтар тағы да қаралып, талданады. Толық жауаптар университет сайты aues.kz-те және әлеуметтік желілерде жарияланады.

ENERGO UNIVERSITY