«Әлі талай жыр болып жазыларсың... » (Қазақ тілі пәнінен олимпиада мәресіне жетті)

«Әлі талай жыр болып жазыларсың... » (Қазақ тілі пәнінен олимпиада мәресіне жетті)


16.04.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 15-сәуірінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіндегі тіл білімдері кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының «Хантәңірі», өмірге жырлау үшін келген мұзбалақ ақын М.Мақатаевтың 90-жылдығына  орай, қазақ тілі пәнінен «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты тақырыппен, университеттік олимпиаданың қорытынды кезеңі болып өтті

Олимпиаданың қорытынды кезеңінде студенттер ақын өлеңін мәнерлеп оқу мен тест сұрақтарын шешуден жарысқа түсті. Ақынның өмір жолына, шығармашылығына жан-жақты шолу жасалды.  Осылай қазақтың рухани байлығының сақталуына, насихатталуына үнемі көңіл бөліп келе жатқан, ақпараттық технологиялар мен энергетика саласының мамандарын дайындаудың көшбасшысы, Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы, тіл білімдері кафедрасы ақынның  өзі «…Егер  сіздер шынымен  менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңыздар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлеңдерімен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай», - деп жазып кеткен аманатының бір парасын орындағандай болды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша өнері мен білімі асқан төмендегідей жеңімпаздар анықталды:

I орын – Ұзақ Дінмұхаммед (АУ-20-10);

II орын – Айдаров Алдияр (ВТ-20-3), Тілеуғалиев Арыстанбек (ЭЭ-20-14);

III орын -  Амиров Жомарт (ЭЭ-20-15), Кан Вячеслав (РЭТ-20-3), Қазақбай Марғұлан (ЭЭ-20-16).

Конкурстық комиссия жеңімпаздарға мақтау қағаздарын тапсырып, олимпиадаға қатысқан, қызығушылық танытқан  барлық студенттерге ризашылығын білдірді. Сонымен қоса, М.Мақатаев поэзиясының оқырманы ретінде ерекше көзге түскен ЭЭ-16-20 оқу тобының студенті Тұйғымбаев Диасқа «Олимпиаданың белсенді қатысушы» номинациясын берді.

Осылайша, екі кезеңге созылған интеллектуалдық сайыс түріндегі олимпиада    жастар арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттауға және тілдік білімі жоғары студенттерді анықтауға мүмкіндік беретін оқу-танымдық және тәрбиелік маңызы бар іс-шара болды.

 

ENERGO UNIVERSITY