МУБАРАК ЗАХИДОВНА ЯКУБОВАНЫ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

МУБАРАК ЗАХИДОВНА ЯКУБОВАНЫ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


02.05.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 2 мамырында Телекоммуникация және инновациялық технологиялар кафедрасының профессоры Мубарак Захидовна Якубова 80 жасқа толады.

Мубарак Захидовна – техника ғылымдарының докторы, Телекоммуникация және инновациялық технологиялар кафедрасының профессоры. Еңбек жолын Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде 2010 жылдан бастаған.

Мубарак Захидовнаның қызықты да бай еңбек жолы 1963 жылы Ташкент электр-техникалық байланыс институтын «Радиобайланыс және радиохабар тарату» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін басталды.

Еңбек жолында ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 250-ден астам ғылыми еңбектер, мақалалар, монографиялар, оқу құралдарын жариялады.

Мубарак Захидовна КСРО-да Ақпараттық жүйелер мен кітапханаларды автоматтандыру саласында жұмыс істеген алғашқы маман болды. 1991 жылы Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Кибернетика институтының мамандарымен бірге КСРО автоматтандырылған ақпараттық және кітапханалық жүйелерін жүйелік үлгілеу технологиясы бойынша жоба жасады.

1992 жылдан 1998 жылға дейін Мубарак Захидовна А. Қадыри атындағы Ташкент мемлекеттік мәдениет институтында (бұдан әрі – ТашММИ) Оқу ісі жөніндегі проректоры болды. Оның басшылығымен білім беру процесіне заманауи ақпараттық технологиялар енгізілді. Осы институтта Мубарак Захидовна 1998 жылдан 2007 жылға дейін «Информатика және техникалық құралдар» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2001 жылы Мубарак Захидовна Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған атаулы медалімен және ғылым саласындағы белсенді қызметі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.

2007 жылы Мубарак Захидовна Қазақстан халықтар достығы университетінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»  кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істей бастады.

2008 жылы кафедраны басқарудағы, оқу процесіндегі және ғылыми қызметтегі жоғары жетістіктері үшін Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі атағын алды.

Мубарак Захидовнаның кәсіби қасиеттері қазір де сұранысқа ие. Өзінің 80 жасында ол әлі күнге дейін докторанттардың жетекшісі болып табылады және жоғары білікті мамандарды даярлау ісіне жеке үлес қосады.

Елу жылдан астам уақыт бойы Сіз ғылым мен техниканың дамуына үлкен үлес қостыңыз, талантты IT-мамандардың бірнеше буынын тәрбиеледіңіз және университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуды жалғастырасыз.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізді мерейтойыңызбен құттықтап, Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасылық амандық тілейді!

ENERGO UNIVERSITY