30.04.2021 Барлық жаңалықтар
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – тәуелсіз мемлекетте туды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
Біз көпұлтты үйде тұрамыз. Біздің еліміз үшін ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау саясаттың басымдықтарының бірі болып табылады. Қоғамдағы тұрақты бейбітшілік, тарихи естелік, елдегі халықтың бірлігі – мерекенің басты үш құндылығы.
Университетімізде түрлі этнос өкілдері еңбек етуде. АЭжБУ – әртүрлі халықтардан құралған біртұтас отбасы. Ұжымдағы рухани бірлік пен достық өзара көмек бірінші орынға қойылады. Біз өзіміздің көпұлтты отбасымызбен мақтанамыз, өйткені тек бірлескен күш-жігердің арқасында маңызды істер жүзеге асырылады.
Біздің ортақ үйіміз — Қазақстанда әркім өзін бақытты сезініп, мемлекеттің гүлденуі үшін жұмыс істеп, өмір сүруін тілеймін. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Әр үй қуанышқа, бейбітшілік пен бақытқа толы болсын!
Құрметпен, Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры,
профессор Сауле Сагинтаева