04.05.2021 Барлық жаңалықтар
Құрметті студенттер!
АЭжБУ білім алушылары арасында New Generation бизнес-идеяларының, ғылыми-техникалық әзірлемелердің және прототиптердің конкурсына келесі бағыттар бойынша өтінімдер қабылдау ашылды:
- Ақпараттық қызмет көрсету (мобильді қосымша, сайт);
- Қала экологиясы;
- Жаңартылатын энергия көздері;
- ҰҰА пайдалану;
- Заттар интернеті;
- Электр көлігі.
Конкурсқа АЭжБУ бакалаврлары мен магистранттары қатыса алады.
Өтінім беру мерзімі: 1 маусымға дейін.
Конкурс бағдарламасы екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – Бизнес-идея туралы 5 минуттық әңгіме жазылған бейне түсіру және Instagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында ашық жеке профилімен пост жариялап, #АУЕСКОНКУРС, #АЭжБУ, #Тотсамыэнерго хэш-тегтері арқылы @startup_aues және @aues_university парақшаларына тіркеліп, белгілеу. Конкурсқа тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.
Кез келген сұрақтар бойынша aid.iliyassova@aues.kz электрондық поштасына немесе direct-ке жазыңыз.
Екінші кезең – «Жұмыс презентациясы» (Power Point). Бизнес-жоспардың сипаттамасы бар өтінім беру. Конкурстың екінші кезеңіне бірінші кезеңде сарапшылар іріктеген өтінімдер ғана қабылданады. Сарапшылар жіберілген жұмыстарды бағалайды және олардың ішінен конкурстың мақсаттарына барынша жауап беретіндерді таңдайды (дедлайн 18.06.2021 ж).
Бизнес-идеяны рәсімдеуге қойылатын талаптар (әр бөлім – 1,2 слайд):
1. Өнімнің / қызметтің функционалдық сипаттамасы
2. Өнім, қызмет тұтынушыларының мақсатты тобы
3. Өнімді/қызметті іске асыруға мүдделі тұлғалар, инвесторлар
4. Өнімнің/қызметтің ең аз партиясын құруға арналған инвестицияларды бағалау
5. Өнімдерді нарыққа жылжыту үшін инвестицияларды бағалау
6. Бизнес-идеяның бәсекелестік артықшылықтары.
Байқау жеңімпаздарына сыйлықтар: І орын – ноутбук, ІІ орын – планшет, ІІІ орын –ноутбук сөмкесі және қосымша сыйлықтар.