ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ АЙНАЛАҢЫЗДАҒЫ АДАМДАРДЫ COVID-19-ДАН ҚОРҒАҢЫЗ. MEDSUPPORTKZ дәрігерлер мен ғалымдар қоғамдастығы АЭжБУ оқытушылары мен студенттеріне коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация бойынша вебинар өткізді

ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ АЙНАЛАҢЫЗДАҒЫ АДАМДАРДЫ COVID-19-ДАН ҚОРҒАҢЫЗ.  MEDSUPPORTKZ дәрігерлер мен ғалымдар қоғамдастығы АЭжБУ оқытушылары мен студенттеріне коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация бойынша вебинар өткізді


04.05.2021 Барлық жаңалықтар


Қызметкерлердің, оқытушылар мен студенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігі – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (бұдан әрі – АЭжБУ) басты басымдықтары болып табылады. Университет басшылығы елдегі жағдайды мұқият қадағалап отырады. Тұрақты негізде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша шаралар қабылданады, атап айтқанда:

- Алматы қаласы ДСБ «Қалалық студенттік емхана» ШЖҚ МКК-да COVID-19-ға қарсы вакцинация ұйымдастырылды;

- елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат www.aues.edu.kz  ресми порталында жарияланады;

- «Қауіпсіз эпидемиологиялық ортаны қалай қамтамасыз ету керек?», «Өзіңізді және айналаңыздағыларды COVID-19-дан қалай қорғауға болады?» және басқа да өзекті тақырыптарға вебинарлар өткізіледі.

Осы аптада MEDSUPPORTKZ дәрігерлер мен ғалымдар қауымдастығы АЭжБУ үшін тікелей эфирде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация туралы вебинар өткізді, онда тыңдаушыларға вакцинаның қалай жұмыс істейтіні, вакциналар неге соншалықты тез жасалды және науқастарға вакцина не үшін қажет екені айтылды.

Вебинар спикерлері:

Дана Акилбекова – PhD, «Назарбаев Университеті» ДББҰ профессоры, Medsupportkz негізін қалаушы;

Томирис Муликова – ғалым, «Назарбаев Университеті» ДББҰ ғылыми қызметкері, Medsupportkz үйлестірушісі;

Акмарал Турсунова – құқық қорғаушы, Medsupportkz негізін қалаушы.

Вебинар тыңдаушыларына вакцинацияның тарихы және оның адам өміріндегі маңызы туралы айтылды. Спутник-V мысалында вакцинаның жұмыс принципін егжей-тегжейлі түсіндірді, онда вакцина компоненттерінің қалай жұмыс істейтіні, сондай-ақ адам ағзасына вакцинаның құрамы мен тиімділігі туралы айтылды. Спикерлер ықтимал жанама әсерлер мен қарсы көрсеткіштер туралы  айтты.

Вебинарға 100-ден астам тыңдаушы қатысты. Онлайн іс-шара 1,5 сағатқа созылды және вебинар аяқталғанға дейін қатысушылардың саны азайған жоқ, бұл АЭжБУ қызметкерлерінің, оқытушылары мен студенттерінің қызығушылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді.

Вебинар жазбасы АЭжБУ ресми YouTube арнасында қолжетімді.

www.aues.edu.kz ресми сатында өзекті жаңалықтардан хабардар болыңыз! 

ENERGO UNIVERSITY