АЭжБУ студенттері «Смайлова Торғын Абибуллаевнаның концертін " тамашалады

АЭжБУ студенттері «Смайлова Торғын Абибуллаевнаның концертін


24.02.2020 Барлық жаңалықтар


2020 жылы 21 ақпанда сағат 18:30-да Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттері оқытушы Л.Д. Сергеевамен бірге Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кіші залында өткізілген Смайлова Торғын Абибуллаевнаның концертін тамашалап қайтты (Абылай хан даңғылы, 86).

Консерваторияның студенттері Смайлова Торғын Абибуллаевнаның жетекшілігімен қазақтың әйгілі әндерін, романстарын, опера ариясын орындады.

Операны толық ұғыну үшін де дайындық керек. Бірақ жеке музыкалық "нөмір" - ариялар да бар,  ол Операның шеңберінен тыс оңай қабылданады.

Опера ариялары құлақтан кіріп, бойды алар ерекше сезімге бөлейді.  Абайдың "Көзімнің қарасы" және "Қара түнде тау қалғып" операсынан ән шырқалған кезде барлық зал тыңдаушылары операны орындаушылармен бірге шырқады.

Біздің студенттер өте жақсы көңіл-күймен оралды және де алдағы уақытта да осындай іс-шараларға қатысуға тілек білдірді!!!

ENERGO UNIVERSITY