Қазақстанда жаңа мамандықтар Атласы таныстырылды

Қазақстанда жаңа мамандықтар Атласы таныстырылды


13.05.2021 Барлық жаңалықтар


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласын таныстырды.

«Жаңа кәсіптер атласының көмегімен экономиканың қарастырылып отырған салаларының әрқайсысы бойынша түрлі құзыреттіліктерге қажеттілікті болжауға болады, бұл болашақ стратегиялық даму бағдарламаларының дәлдігіне оң әсер етеді. Бұдан басқа, бұл халықтың біліктілігін арттыруға деген түсінігі мен қызығушылығына, сұранысқа ие болатын өзекті дағдыларға немесе кәсіптерге оқытуға тартылуына әсер етеді», – деп хабарлады құжатты әзірлеушілердің бірі Саясат Нұрбек.

Бүгінгі таңда Атлас негізінде білім беру стандарттарына бірқатар жаңалықтар енгізілуде. Мысалы, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің базасында «Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен пайдалы қазбаларды өндіруге арналған пилотсыз ұшу аппараттарының операторы» жаңа мамандығы бойынша оқыту басталды. Осы бағыттағы мамандарды даярлаудың өзектілігін Дон тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері растайды.

Бұдан басқа, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ТжКБ сыныптауышына мынадай мамандықтар мен біліктіліктер қосылды:

- «Робототехника және ендірілетін жүйелер (салалар бойынша)» мамандығы және «Робототехникалық жүйелер мен кешендерді монтаждаушы-реттеуші», «Ұтқыр робототехника технигі», «Өнеркәсіптік робототехника технигі» біліктілігі;

- «Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы» мамандығы және «Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар өндірісінің операторы» біліктілігі;

- «Өндірістің аддитивті технологиялары» мамандығы және «Аддитивті қондырғылардың операторы» біліктілігі;

- «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе» мамандығы және «Сыртқы ұшқыш» біліктілігі, «Пилотсыз авиациялық жүйелерді техникалық пайдалану жөніндегі техник-механик»;

- «Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы және «BIM-пайдаланушы», «BIM-техник», «Ғимаратты басқарудың зияткерлік жүйелеріне қызмет көрсету технигі» біліктілігі;

- «Жылжымайтын мүлікті басқару» мамандығы және «Көп пәтерлі тұрғын үй басқарушысы» біліктілігі;

- «Дестинацияны басқару» мамандығы және «Экологиялық туризм менеджері», «Туристік қызметтерді жылжыту жөніндегі менеджер», «Туристік ақпараттық орталықтың менеджері» біліктіліктері.

Естеріңізге сала кетейік, атласты әзірлеу ҚР Президентінің «Баршаға бақ-береке! Сабақтастық. Әділдік. Прогресс» және ҚР Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен бекітілген «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстар.

Атласты әзірлеу әдістемесі халықаралық тәжірибеге және экономика салаларын дамытудың әлемдік трендтерін ескеруге негізделген. Ол рапид форсайты (rapid foresight) технологиясы бойынша салалық сарапшылардың қатысуымен өндіріс, мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар және т. б. өкілдерінің қатысуымен болжамды сессиялар өткізуді қамтыды.

Атласта экономиканың басым 9 саласы: тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, АКТ, энергетика, туризм және құрылыс бойынша еңбек нарығын сыни түрде өзгертетін негізгі технологиялық трендтерге талдау жасалған. Құжатта кәсіптердегі таяудағы 5-10 жылға арналған өзгерістер болжанып, сондай-ақ 239 жаңа, 95 трансформацияланатын және 129 жойылып бара жатқан кәсіптер айқындалды.

Материалдар бойынша www.dknews.kz / / Қазақстанда жаңа мамандықтар атласы таныстырылды / / Автор: DKNews.kz - 2021-мамыр 2021.

ENERGO UNIVERSITY