АЭжБУ мен ҚНУ Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

АЭжБУ мен ҚНУ Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды


14.05.2021 Барлық жаңалықтар


14 мамыр күні  "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева және "Қазақстан-Неміс университеті" Білім беру мекемесінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры  Януш-Павлетта Барбара Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Университеттер арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсаты — білім беру мен ғылыми зерттеулерді дамыту және екі университет арасындағы өзара түсіністікке ықпал ету.

Меморандум аясында білім алушылардың  академиялық ұтқырлығы, дәрістер оқу және оқу-әдістемелік жұмыс бойынша ақпарат беру түрінде университет өкілдерінің тәжірибе алмасуы, сондай-ақ бірлескен конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, күндер өткізіледі.