26.02.2020 Барлық жаңалықтар
20 ақпанда Нұр-сұлтан қаласындағы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ жобалық офисінің алаңында ректор Сауле Сагинтаева жаңа кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері бойынша кеңеске қатысты. Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ұлттық біліктілік жүйесін енгізу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Іс-шараға ведомстволардың вице-министрлері, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Тамара Дүйсенова, жобалық кеңсенің өкілдері және еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары, сондай-ақ елордалық ЖОО ректорлары мен проректорлары және колледж директорлары қатысты.
Іс-шара барысында Біржан Нұрымбетов 2019 жылы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы базасында құрылған жобалық кеңседе біздің экономикамыздың басым бағыттары үшін 480 кәсіби стандарт әзірлеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу туралы хабарлады, оның болашақта білім министрлігімен бірлесіп білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеу және кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша нақты алгоритмдерді іске асыру болып табылатынына тоқтала кетті.
«Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ» КеАҚ ректоры Сауле Сагинтаева «Электрониканы техникалық қолдау» бір кәсіби стандарт негізінде білім беру бағдарламаларын өзектендіру және әзірлеу алгоритмі" баяндамасын талқылауға ұсынды. Баяндама барысында ол жаңа білім беру бағдарламалары аясында оқудан өткен мамандар сәйкес келетін кәсіби стандарттар мен құзыреттілік негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, ол нақты еңбек нарығының қажеттілігін өзгертуге бағытталған сұранысқа ие кадрларды даярлаудың жоғары нәтижесіне қол жеткізу үшін, білім беру саласында еңбек нарығымен бірлесіп, оқытушы- профессорлар құрамның біліктілігін үнемі арттыру, жоғары оқу орындарының зертханалық базасын жаңғырту, білім беру бағдарламаларын талдау үшін жоғары білікті сарапшылар пулын құру және базаны қалыптастыру мәселелерін шешу қажет екенін атап өтті.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ" КеАҚ кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бағытындағы жұмысын жоғары бағалап, жоғары кәсіби деңгейде өткізілгендігіне тоқталды.
Қол қойылған құжат шеңберінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен білім және ғылым министрлігі бекітілген Кәсіби Стандарттар негізінде білім беру бағдарламалары және үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының тізбесін бірлесіп қалыптастыруға келісім жасады, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге жұмылдырылатын базалық жоғары оқу орындарын анықтап, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі бойынша оқыту жүргізетін болады.