ИРИНА ВЛАДИМИРОВНА КАЗАНИНАНЫ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ИРИНА ВЛАДИМИРОВНА КАЗАНИНАНЫ  50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

08.06.2021 Барлық жаңалықтар


08 маусымда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Электрмен жабдықтау және жаңартылатын энергия көздері кафедрасының доценті Ирина Владимировна Казанина өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтуде.

1988 жылы Алматы қаласының №81 орта мектебін бітіріп, Ирина Владимировна Алматы энергетикалық институтына «Электрмен жабдықтау» мамандығына оқуға түсті. 1993 жылы Ирина Владимировна институтты бітіргеннен кейін бірден еңбек жолын №42 орта мектепте тәрбиеші болып, 2 жыл ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің математика институтында инженер болып бастады.

2001 жылдан бастап Ирина Владимировна Қазақ көлік және коммуникация академиясының «Электр энергетикасы» кафедрасында ассистент лауазымында оқытушылық қызметін бастады. 9 жылдан кейін кафедра доценті дәрежесіне ие болды. Сол 2001 жылы Ирина Владимировна АИЭС аспирантурасына «Геоэкология» мамандығы бойынша оқуға түсті.

2004 жылы Қазақ қатынас жолдары университетіне «Экономика және басқару» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2007 жылы «Еңбекті қорғау» мамандығы бойынша диссертация қорғады.

2008 жылдың қыркүйегінде техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

Диссертацияны қорғағаннан кейін 2009 жылдың қыркүйегінде Ирина Владимировна Алматы энергетика және байланыс институтында «Электрмен жабдықтау» кафедрасында жұмыс істей бастады, онда ол қазіргі уақытқа дейін жұмысын жалғастыруда.

Кафедрада жұмыс істеген уақытында ол өзін адал және жауапты қызметкер, білікті маман, тамаша оқытушы ретінде көрсетті. Кафедраның ғылыми және педагогикалық өміріне белсенді қатысады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде жұмыс істеген жылдары Ирина Владимировна түрлі халықаралық конференциялар мен тақырыптық семинарларға қатысты.

Ирина Владимировна 100-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектер жариялады. Жыл сайын магистранттармен ғылыми мақалалар шығарады және студенттерді олимпиадаларға дайындайды. Оның жетекшілігімен студенттер жыл сайын тек жүлделі орындарға ие болады. Сондай-ақ, Ирина Владимировна студенттік топтардың кураторы ретінде студенттердің сүйіспеншілігі мен құрметіне ие.

2018 жылы «Білім беру саласының үздігі» медалімен марапатталды.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге дарынды студенттер мен белсенді ғылыми ізденіс тілейді! Еңбегіңіз жемісті болсын! Ұжымдағы жақсы жұмыс пен жылы қарым-қатынас үшін мың алғыс! Сізге бақытты шуақты күндер, әйел бақыты мен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!